Қазақ саудагері қытай базарларындағы сұмдықтарды жайып салды (фото)
Жарияланған күні:
Екі ай бұрын Rgmedia.kz порталына Қытайда ұзақ жыл тұрған Бәтима Ембердіқызы хабарласып, қытай еркектері және ондағы ішкі саясат жайлы бар шындықты айтып берген еді. Жақында "Рейтинг" газетінің редакциясына Алма Зыкрина есімді азаматша телефон шалып, қытай базарларындағы сұмдықты жайып салған.
"Мен Бәтима Ембердіқызымен бірге саудамен айналысамын. Екеуміз Қытайға жиі барамыз. Әрине, білмейтіндер біздің жұмысты оп-оңай деп ойлайды. Шындығында олай емес. Бізде бала-шаға қамын ойлап, күнкөріс үшін жүрген жанбыз", - деп әңгімесін бастаған ол Алма қытай базарлары туралы ашып айтты.
"Қытайда саудагерлер жаппай баратын көтерме базардан тауар алған өте қиын. Базарлары тым жабайы. Иірім-иірім көшелерден орын тепкен базар маңы қоқысқа толы. Онда бізді алдап жібергісі кеп тұрады. Қытайда алаяқтарға алданып, барынан айрылып, сан соғып қалғандар қаншама! Оның бәрін айтып отырсам уақыт жетпес. Мен өз басымнан өткен мына бір оқиғаны айтып бергім отыр.
Осыдан 3 жыл бұрын мен бір қытай әйелден тауар алдым. Іш киімдер. Әлгі әйел менің көзімді ала беріп, сөмкеме тым сапасыз тауарларын салып жібермекші болды. Мен оны байқап қалып, айқай шығармаймын ба? Өзім аздап қытайша білем. Ашудан шырпыдай тез тұтанған ол былай деді:
- Сапасыз дейсің?!. Ал, сендер осындайды да шығара алмайсыңдар ғой. Бірде-бір тауарларың шетке шықпайды. Бәрің бізден келіп аласыңдар. Сонымен қоймай, ұрысқыларың келеді. Шамаларыңа қараңдар, сендер бізден 50 жыл қалып кеткенсіңдер, - деп бізді әбден тілдеді. Сасқанымыздан не деп жауап қайырарымызды білмедік", - дейді қазақ саудагері.
"Жалпы, қытай саудагерлері әбден психолог болып кеткен ғой, - деп жалғастырды әңгімесін ол - Олар клиентті әбден шаршатып барып, керексіз тауарды беріп жібереді. Қорапты әбден ашылмастай етіп скотчтап дегендей. Шаршап тұрған адамға тауар келсе болды емес пе? Әбден қатталып қапталған қорапты ашып әуре болғысы келмейді.
Ең басты мәселе – тілмашта. Егер қасыңызда өзіңіз жақсы танитын тілмаш болмаса, онда Қытайда жағдайыңыз қиын. Шекара жақта толып тұратын тілмаштар қытай базарларымен, сондағы саудагерлермен бірігіп жұмыс істейді. Аңқау саудагерді реті келсе алдап жіберуден тайынбайды.
Бір қызығы, сіз онда жиһаз, құрылыс заттарын алатын болсаңыз, саудагер сізді туған әкесіндей күтеді. Себебі, үкімет оған белгілі бір мөлшерде ақша төлейді екен. Қытайдағы жиһаз, құрылыс заттарын шығаратын фабрикалар осындай еңбекқор қытайларды пайдаланып, қазақтарға сатқызады", - дейді Алма.
Сондай-ақ, ол Қытайға баратын сауатсыз қазақтар туралы да айтты.
"Негізі, Қытайдағы арзан тауар сататын көтерме базарларға оқымаған қазекеңдер, экономикалық-қаржылық сауаты жоқ, тіл білмейтіндер барады ғой. Қытайлар көп жағдайда осындай кісілерді алдап жібереді.
Қытай халқы тым еңбекқор. Күніне 24 сағат тырп етпей жұмыс істеуге бар. Көптеген провинцияларда халық тек жататын жер, тамақ үшін жұмыс істейді. Онда халық саны шамадан тыс көп болғасын, мәселе де көп. Қытайда сауда жасап жүріп, небір жүрек ауыратын көріністерге куә болдым. Көз шырымын алатын жері жоқ қытайлар көшеде тас жастанып жата береді. 1 метр жерге зар болғандары жол бойында шаш алып, бәліш секілді тіскебасарларды сатып күн көреді. Бір жаман жері, шектен тыс салақ. Қоқысты әр жерге тастай береді. Қоқыс жәшігі деген ұғым мүлдем жоқ.
Соған қарамай, өздерінің көп екенін білгесін бе, өзгелерге мұрнын шүйіре қарайды. Мысалы, біз кейде «Ватиканда 1000-ға жетер-жетпес халық тұрады. Халқы біздің ауылдан да аз. Осыны да мемлекет деуге бола ма» деп шірене айтып қаламыз ғой. Олар да сол секілді бізді мемлекет деп есептемейтін көрінеді. Расында 1,5 миллиардтан асатын олар 15 миллионды шыбын құрлы көрмейді.
Және қазір Қытайдағы қазақ ауылдарына қиын жағдай туып отыр. Қытайлар қазақ мектептерін құртып, зорлап қытай тілін енгізуде.
Қытайда мұсылмандар өте ұйымшыл. Мұсылмандар өздері асхана ашып алған. Асханаға міндетті түрде мешіт суретін салып қояды. Осы арқылы өздерінің кім екендерін көрсетеді. Осы мұсылман асханаларына қытайлар жиі келеді. Олар халал мұсылман тағамдарын сүйсініп жейді. Кей қытайлар үзіліссіз келеді. Мұсылман тағамдарын өз тағамдарынан да артық көреді. Ал, мұсылмандар қытай асханасына мүлдем бармауға тырысады.
Құдайдан жалбарына сұрайтыным, ұрпағымыз жылап жүрмесінші, - деп Алма Зыкрина өз сөзін аяқтады.
Дереккөз: Rgmedia.kz
Тағы оқыңыздар:
Димаш Қытайдағы байқаудың финалына шықты (видео)
Тәуекел Мүсілім түсірілім кезінде бет әрлеуші әйелді босандыра жаздады (фото)
Ақтөбеде бойжеткенді кепілге алған жігіттің туыстары тілшілерді соққыға жықты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1442223-qytaygha-barghan-qazaq-saudagerleri-qy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.