Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық арулар жыныстық қатынас үшін Түркияға барып жүр

Опубликовано:

Қызық қуған еуропалық арулар Кенияға барса, романтика іздеген ханымдар "ыстық түндерді" өткізу үшін Кубаға барып жатады. Ал қазақстандықтар ежелгі армандарын орындау үшін қайда баруды қалайтындарын "Экспресс К" басылымы жазған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жағдайларын ойластырып қойған қазақстандық арулар өздеріне қажетті бағытты әлдеқашан белгілеп қойған. Ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі топтар ұзаққа созылған жыныстық қатынастағы кідірістердің кесірінен күйзеліп жүрген әйелдерге жылы әрі қонақжай Түркия еліне баруға кеңес береді.

"Өкінішке қарай нәзік жандылардың барлығы екінші жартыларын кезіктірмеген. Көптеген аруларда заңды жұбайын қойып, не көңілдестері, не кездесуге шақырып тұратын табынушылары жоқ" - дейді алматылық Наталья К.

"Басы бос қыз-келіншектер өз қалауларын неліктен ала алмайды? Мен құрбыларыммен бірге 11 жыл қатарынан Анталияға барып жүрмін. Сол жерде түрктердің ыстық құшағына еніп, мауқымызды басамыз. олар бізді қымбат сыйлықтардың астына алады деп айта алмаймын. Жыныстық қатынас үшін өзіміз төлейміз" - деп ашығын айтты ол.

Неге Түркия елі? Ойын жасырмай білдірген арудың айтуы бойынша, біріншіден Түркияға жету айтарлықтай қымбатқа түспейді, екіншіден түрік жігіттері сымбатты болып келеді, үшіншіден өзіне ұнайтын жігітті бара салған күні-ақ тауып алуға болады.

Ойын қорытындылаған ол, қыз-келіншекетерге бірқатар кеңестерін де айтып өтті. Оларға "әмияндарына абай болып, қорғансыз жыныстық қатынасқа" түспеу керек деді.

Тағы оқыңыздар:

Геннадий Головкин: Мен шоумен емес, боксшымын

Қанат Ислам мәдениет министріне қолғабын сыйлады (фото)

Балабақша тәрбиешілерінің ерсі биі жұрттың ашуына тиді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1443321-qazaqstandyq-arular-zhynystyq-qatyna/

pixel