Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жат ағымның жетегіне еріп, күнге табынып жүрген әйелдің қызы елден кеңес сұрауда

Опубликовано:

Шонжы ауылының тұрғыны туған анасының елімізде тыйым салынған діни ұйымға кіріп, денсаулығы нашарласа да емханаға қаралмай жүргенін айтады. Шарасыз келіншек көпшіліктен кеңес сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Шолпан Қошқарбаеваның айтуынша, жасы алпыс бестен асқан анасының күн өткен сайын денсаулығы нашарлап бара жатыр.

"Қант диабеті асқынғаны аздай, анамның аяқтары күп болып ісіп кетеді. Дәрігерге апарайық десек, ат тонын ала қашады. Күн, от бар жерде өздерінің дұғаларын оқып отырады. Бір сөзбен айтқанда өзін-өзі емдейді. Ешқандай дәрі ішпейді. Оны ішсе «Фархат атаның құдіретіне» күмән келтірген боламын деп отыр", - деп мұңын шақты ол.

Уақыт өте келе аналарының жөнге келетіндігіне сенген отбасы үміттерінің сөніп бара жатқанын айтуда. Шолпанның анасының бұл ұйымға мүше болғанына он жеті жылдан асқан.

"1990 жылдары "Фархат ата" деп елді шулатқан «Алля Аят» ұйымына менің анам екі мыңыншы жылдары кірді. Анам медициналық колледж бітірген. Ауылдағы емханада медбике болып жұмыс істеген. Кейін зейнетке шыққаннан кейін, базарда сауда жасады. Ол кезде мен мектеп оқушысымын.

Бір уақыттары анам далаға шығып, күнге қарап отырып, қолын жайып, бетін сыйпайтын әдет шығара бастады. Басында мен жәй ғана оны дұға оқып жүрген шығар деп қабылдағанмын. Кейіннен үйге неше түрлі адамдар келіп, бәрі бірге бұл әрекетті қайталай бастағанда, анамнан мән-жайды сұрап, "Фархат ата" жайлы білдім.

Ол кісі "Фархат атаны" құдайдай көреді. Көзі ашық анамның бұл бәлеге қалай шатылғанын білмеймін. Үйге қайдағы бір "Звезда Селенной" атты орысша журналдарды әкеледі, дұға оқылған деп тұз қосылған шәй ішеді. Төсегінің басына күн аталарының суретін іліп қояды. Дәптеріне өмірі бітпейтін бір кодтарды жазып отырады.

Туған-туыс, бауырлары да қанша рет айтты. Ешкімнің сөзіне құлақ аспайды. Әкем тірі болғанда анам бұлай жүрмес пе еді деп ойлаймын. Шынын айтсам, анамның бұл әрекетіне қатты ұяламын. Өзі кіргенімен қоймай, біздің де басымызды қатырып, күнге сенуіміз керек екенін айтады.

Осы уақытқа дейін көндігіп, үндемей жүрген едік. Бірақ, соңғы оқиға мені қатты ашуландырды. Наурызда анамның үйіне қонаққа барып келген соң, екінші сынып оқитын қызым бес жасар інісіне "Фархат ата" туралы апасының айтқандарын айтып отыр. Осыдан кейін күйеуім анамның үйіне баруға тыйым салды. Араларыңызда осы сектадан құтылған жандар болса, кеңестеріңізді жазуларыңызды сұраймын. Мен анамның әлі де өмір сүргенін қалаймын!", - дейді шарасыз күйде қалған Шолпан.

Естеріңізге сала кетсек, «Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағымы болып саналады. Ағымның негізін қалаушы – өзін құдай және «Жаратушы» деп жариялаған Алматы облысының тұрғыны Фархат Абдуллаев. Ол қайтыс болғаннан кейін емдеу насихатымен оның зайыбы Нина айналысады. Бұл ағымның өкілдері дәстүрлі діндерді мойындамайды.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде саңырау балалардың ата-аналары жанайқайын жеткізді (фото)

Астаналық кәсіпкердің тоқалы қызының да екінші әйел болуына қарсы емес (видео)

Қарағанды облысының тұрғыны өз әкесін балағаттағаны үшін жауапқа тартылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1451630-emdeludi-kuna-sanap-kunge-tabynyp-zhur/

pixel