Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі ең әдемі стюардесса егіздердің анасы болуды армандайды (фото)

Опубликовано:

Отандық әуе компанияларында қызмет ететін стюардесса қыздардың арасында жарияланған ашық дауыс берудің қорытындысы белгілі болды. NUR.KZ оқырмандары Air Astana әуе компаниясының бортсерігі Әсем Кәкенді еліміздің ең әдемі стюардессасы деп тапты.

Жеңімпаз атанған Әсем Кәкен 33 мың дауыс жинады.

Екінші сатыға Scat әуе компаниясының сұлуы Эллина Гаджиева 26 мың дауыспен жайғасты. Одан кейінгі сатыларға Сабина Бердібекова (7 400 дауыс), Кәмшат Үмбетжанова (2000 дауыс), Виолетта Ребрушкина (1 900 дауыс), Альбина Ерлікқызы (1800 дауыс), Бибінұр Құлбай (1500 дауыс), Лаура Абыдинова (1400 дауыс), Регина Гузаирова (1400 дауыс) және Дарья Браун (1300 дауыс) орналасты.

Бұл бәйгеге отандық QAZAQ AIR, Scat және Air Astana әуе компанияларынан барлығы он ару қатысқан болатын.

Еліміздің ең әдемі стюардессасы болып танылған Әсем Кәкен Алматы қаласында туған. Ол осы мамандыққа  18 жасында ең алғаш ұшақпен ұшқан кезден бері ғашық екен.

"Сол кездегі әдемі, әрдайым күлімсіреп жүрген бортсерік қыздардың ары-бері өткен сайын сезілетін француз әтірінің иісі осы күнге дейін есімде. Бір қарасаң теңіз жағалауында, біресе тау бөктерінде, әлемнің жеті кереметін тамашалап, түрлі тағамдар, адамдар, әр елдің дәстүрін көріп, бірнеше тілде сөйлеу мен үшін қол жетпес арман секілді еді. Енді міне өзім ел тамсана қарайтын, әрқашан "биікте" жүретін бортсеріктің бірімін", - дейді Әсем.

Әсемнің басты арманы - егіздердің анасы болу. Кейін ол басынан өткен қызықты ғұмырын, түрлі оқиғаларын кітап етіп жазуды мақсат етеді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысы үшін ұялатынын жасырмай айтты

Көктем қайта оралды: Еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады

Атышулы "Келін" телехикаясындағы "Ананди" Қазақстанға келді (фото, видео)

Біртанов: Біз болашақ дәрігерлерді алғашқы күннен-ақ жемқорлыққа баулып жатырмыз

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1460543-elimizdegi-enh-ademi-styuardessa-egizd/

pixel