Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық университет - жарқын болашақ кепілі

Опубликовано:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - болашаққа нық қадам басар саналы ғұмырдың бір айғағы іспетті. Қара шаңырақ астына жиылған жиырма мыңға жуық ізденушінің талабын тауға қарай домалатар жағдайдың барлығы да жасалған десе де болады

Ең бастысы талай бала кыранның қанатын ұштап, қияға самғатқан студенттер сарайы, тарихы тереңде жатқан ҚазҰУ-ды бір сәтке көз алдына елестететін мұражай, заман талабына сай жабдықталған 300 адамдық интернет орталығы, білім алушыларға арналған жатақханалар, білімін шыңдау жолында ізденіске асыққандарға озық деңгейдегі ғылыми кітапхана, заманауи спорткешені және «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы бар университет қалашығында оқитын әрбір студенттің арманы асқақ.

Ұлттық университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды, соның ішінде «Экономика және бизнес жоғары мектебін» ерекше атап өтуге болады. Экономика саласы бойынша мамандар даярлауда жұмыс жасап келе жатқан «Экономика» кафедрасы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие заманауи тәсілдерді қолданады. Экономика кафедрасында күрделі ғылыми-тәжірибелік мәселелерді зерттейтін жоғары дәрежелі ғалымдар еңбек етеді. Жоғары дәрежеде мамандандырылған кафедра ұжымы мыңдаған студенттердің экономикалық терең білім алуына жағдай жасайды.

Кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Садыханова Гульнара Амангелдиевна бастаған оқытушылар мен профессорлар құрамы сапалы дәріс берумен қатар, студенттермен мәдени-тәрбие жұмыстарын тікелей сабақ уақытында және олардың оқудан бос кездерінде жүргізіледі.

Осы тұрғыда патриоттық, оқу, еңбек және мәдени-эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. Оның айғағы ретінде университетте оқытушылардың ұйымдастыруымен өткізілетін «100 кітап», «Айналаңды нұрландыр», «Гринкампус», «Салауатты өмір салты» жобалары аясындағы іс-шараларға студенттер белсенді араласады және бұл жобалар студенттердің сабақтан тыс уақыттарын қызықты өткізуге әсер етеді.

Бүгінде экономикалық мамандық алу мәртебелі және пайдалы. Соңғы жылдары бұл мамандық ең танымал мамандықтар қатарында қарастырылады және заман талабына сәйкес өз позициясын әлсіретпейді деп айтуға болады. Қазақ ұлттық университетіндегі осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, сапалы білім алу жолында мамандық таңдайтын жастардың болашақта жолдары жарқын болатыны сөзсіз.

Мақала авторлары:

Айтуғанова Зәуреш Шамшақызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Экономика» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі

Құдайберген Ажар Сабитқызы - «Экономика» мамандығының 4 курс студенті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1460697-ulttyq-universitet-zharqyn-bolashaq-ke/

pixel