Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған жездесіне ғашық болып, оған бала туып берген бойжеткеннің өкініші

Опубликовано:

Отбасында орын алып жататын түрлі жайттардан ешкім де сақтандырылмаған. Мәселен, туған жездесіне ғашық болып, оған ұл тауып берген бойжеткен оқырмандарға өз оқиғасын баяндап берді. Осы арқылы ол өзі секілді қыздардан отбасылық құндылықтарды өткінші сезімнен биік қойып, өмірде жаза баспауды сұрайды.

Ләззат есімді келіншек NUR.KZ порталына басынан өткен адам сенгісіз жайтты баяндап берді. Ол өзінің туған жездесіне ғашық болып, онымен тіпті жақын қарым-қатынасқа барудан да тайынбаған екен. Ләззаттың айтуынша, өткінші сезімнің жетегіне еріп жүріп, ол өміріндегі ең жақын жандарынан айырылған.

"Бірінші курста оқып жүргенде әпкем Алматының жігітіне тұрмысқа шықты. Өзіміз Жезқазғаннанбыз. Бұған дейін менен төрт жас үлкен әпкем екеуіміз пәтер жалдап тұратынбыз. Ол жұмыс істейтін, мен оқитынмын. Тапқан табысының жартысын маған жұмсайтын.

Басқа қыздар секілді не ішем, не кием демейтінмін. Әпкемнің арқасында киімнен де тапшылық көрмегенмін. Сол жылы ол сүйіктісін кездестіріп, тұрмысқа шықты. Күйеуі сымбатты жігіт еді, жұмысы бар, шағын екі бөлмелі пәтері де болды. Олар бірден ата-енесінен бөлек шығып, жездемнің пәтерінде өмір сүріп жатты.

Бастапқыда мен қыздармен пәтер жалдап тұрдым. Кейіннен әпкем қояр-қоймастан мені жанына алып алды. Пәтерге ақша кетірмей, жүріс-тұрысымды да қадағалаймын деген ойда. Әпкемнің жанында жүріп-тұрып, қамқорлығына үйреніп қалғандықтан мен де бас тартпадым", - деп әңгімесін айтты ол.

"Жездем өте көрікті, бойшаң, көркіне қыз қызығатын кісі болды. Күннен күнге оған деген сезімім ғашықтыққа ұласып бара жатқанын сезетінмін. Бірақ, іштей тынып, бұл сезімді өшіруге тырысатынмын. Оның әпкеме деген қамқорлығы, оны қалай сүйетінін көру мен үшін азапқа айнала бастады.

Маған да жақсы қарайтын, бірақ оның маған деген көзқарасы ерекше екенін де ақырындап біле бастадым. Әдемі киініп, оның көзінше боянып жүретінді шығардым. Әпкемнің бұл кезде аяғы ауыр болатын. Оның ойында түк жоқ. Ол кезде ол туған сіңлісінің өзіне опасыздық жасайтынын білген де, сезген де жоқ.

Бір күні жездем жұмыстан ерте келді. Ал әпкем жұмыста болатын, ол енді ғана декреттік демалысқа шығуға дайындалып жүрген. Жездем келіп, үйде менің жалғыз екенімді көрді. Ары-бері жүріп, бір орнында отыра алмады. Мен де көп әңгімеден қашып, ас бөлмесіне кетіп қалдым. Бір кезде ол да сонда келіп, өзінің маған деген сезімін білдіре бастады. Осылай бірнеше мәрте қайталанды. Мен әңгімеден қашып, үйге келмейтінді шығардым. Бірақ, ақыр соңында оның ығына қалай жығылып қойғанымды сезбей қалдым", - деді ол.

Осылайша, Ләззат туған әпкесіне опасыздық жасап, жездесінің көңілдесіне қалай айналғанын білмей қалғанын айтады. Бір күні ол өзінің жүкті екенін біледі. Ол кезде әпкесі босанып, ұл баланы дүниеге әкелген-ді. Жездесіне бар шындықты айтқан бойжеткен, баланы алдыртып тастауға бел буады. Бірақ жездесі оның бұл қадамға баруына мүмкіндік бермеген.

"Жездемнің ақылымен, мен әпкеме жүкті екенімді, баланың әкесінің қарамай кеткенін айттым. Осылайша, мен жездеме тағы бір ұл сыйладым. Бірақ бақытты күндеріміз ұзаққа созылмады. Бір күні әпкем кездейсоқ жездем екеуіміздің әңгімемізді естіп қалды. Ол бар шындықты білді. Басында сене алмады. Оның алдында ақталудың еш мәні жоқ екенін түсіндім де, баламды алып, кетіп қалдым. Ата-анама да бұл оқиға жария болды", - дейді келіншек.

"Ата-анам келіп, әпкемді жездемнен алып кетті. Олардың өмірінің тас-талқаны шықты. Мен болсам, ет жақындарымнан айырылдым. Ата-анам да, әпкем де, туған-туыстарым да менен бас тартты. Бүгін жалғызбын. Жездемнің қайда екенін білмеймін. Бұндай қайғыға душар болғаныма ол да кінәлі, өзім де кінәлімін", - деген ол қандай да бір қадамға бармастан, мың рет ойлануға кеңес берді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Қазақ мықтыларының Мәскеуде ажал құшуында қандай құпия бар?

"Евровидение" жеңімпазы мұсылмандық жолмен тұрмысқа шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1479058-tughan-zhezdesine-ghashyq-bolyp-oghan-bala/

pixel