jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанның ең қарт ардагері 9 мамыр күні елеусіз қалды (фото)

: UGC

Павлодарда ардагер Бухариден Серимовтің немересі Жеңіс күні әкімдік ардагерді құттықтауды ұмытып кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Жанат Серімов Instagram парақшасында жазған.

"Атам 109 жаста. Екі фронтта болған атама әкімдік ешқандай назар аудармады. Масқара", - деп жазған ол.

Жанаттың айтуынша, ардагерге құттықтауды тек премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жолдаған.

Ардагердің қызы Сараның айтуынша, қарияны құттықтауға екі мешіттің өкілі мен ерікті адам ғана келген деп жазады Tengrinews.kz.

"Бұл мерекені және қала, облыс әкімдігі тарапынан құттықтауды сарғайып күттім. Өздері келмесе де, өкілдерін жіберіп, құттықтауына болар еді. Той алдында әкімдіктен хабарласып, "өздерің келіп, сыйлықты алып кетіңдер" деді. Немерем барып, азық-түлік салынған пакетті алып қайтты. Бар болғаны сол", - деп күйінді Сара.

Әйелдің айтуынша, өткен жылы да осындай жағдай болған.

"Екі жыл бұрын Жеңістің 70 жылдығына орай әкеме әкімдік медаль ұсынуға келді. Олар марапатты әкеме табыстаудың орнына, көршілерге тастап, кетіп қалған", - дейді Сара.

Павлодардағы ардагерлер секторымен жұмыс бойынша меңгеруші Ляззат Ахметжанова мереке алдында әлеуметтік көмек бөлімінің өкілдері ардагерге сыйлық ала барғанын, алайда оның үйінде болмағанын алға тартты.

Ардагерлердің облыстық кеңесі болса, ардагерге кіріп-шығу мүмкін болмағанын мойындап отыр. 

Қарияда  бүгінде жеті баласы, 23 немересі, 44 шөбересі және 4 шөпшегі бар.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Өзіне қалыңдық іздеген 43 жастағы сүрбойдақ жар табу үшін елге жар салды

Қаржы министрі ҚМГ, Air Astana мен "Қазатомөнеркәсіптің" қашан сатылатынын айтты

40 адамның өмірін жалмаған терроршы 2397 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

Қазақстанның ең қарт ардагері 9 мамыр күні елеусіз қалды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.