Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда сүндетке отырғызуға тыйым салу ұсынылды

Опубликовано:

Қазақстандық атеистер тобы мен Қазақстан мұсылмандар одағы сүндетке отырғызуға тыйым салу ұсынысын қолдауға шақырды. Олар бұл рәсім адам құқықтары мен абыройына нұқсан келтіреді деген пікірде. Бұл туралы NUR.KZ порталы ҚМО баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олар көне дәстүр адам денсаулығына зиян келтіріп, писхикаға ауыр әсер ететініне сенімді. Мұндай пікірді Қазақстан мұсылмандар одағының басшысы Мұрат Телібеков ортаға салды.

Атеистерді қазақстандық феминистер тобы да қолдап отырған көрінеді. Олар сүндетке отырғызу жігіттің сексуалдық өміріне кері әсер етеді және әйелдерді дискриминациялау болып табылады деген пікірде.

"Ешкім адамның қолын не аяғын қысқартуды ойламайды. Барлық дене мүшесі теңдей құнды. Адамның дене бөлігін кесіп тастап, біз оған нұқсан келтіреміз", - дейді әйелдер теңдігі қозғалысының белсендісі Бәтима Жексұрынқызы.

"Біздің қарсы болуымызды кез келген әйел түсінеді. Себебі біз үшін ер адамның денесінің әр миллиметрі қымбат. Ал мұнда бүтін бір сантиметрді алып тастайды. Бұл - қорлық көрсету", – дейді келесі белсенді Бибігүл Сұмырайғанова.

Қозғалыстың тағы бір белсендісі, медицина профессоры Алмагүл Алжығанова болса, сүндет пен адамның қатыгездігі арасында байланыс барын зерттеулер арқылы анықтағанын алға тартты.

"Терроризм және діни экстремизм - сүндеттің салдары. Статистика көрсеткендей, сүндеттелмеген азаматтар әлдеқайда демократияшыл әрі толерантты келеді", - дейді Алжығанова.

Ол сүндеттелген дене бөліктерін қалыпқа келтіру кампаниясын бастау үшін әлемде жоқ арнайы клиникалар ашуды ұсынды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда үш балалы отбасы мәйітханада тұруға мәжбүр

ҰҚК шекаралық қызмет академиясынан он пистолет ұрланды

Qazaq Air әуекомпаниясы рейсін алты рет кейінге шегеріп, жолаушыларын әбігерге салды

Алматыда автобуспен соғылған "Гелендвагенді" прокуратура қызметкері жүргізгені анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1490914-qazaqstanda-sundetke-otyrghyzugha-tyy/

pixel