Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік дипломды бір айдың ішінде сатып алу мүмкін болып шықты

Опубликовано:

4-5 жыл көздің майын тауысып оқымай, үйде отырып-ақ мемлекеттік дипломды 1 айдың ішінде сатып алуға болатын көрінеді. Оқымай алынатын  құжаттың құнын да айта кетейік: 200 мың теңгеден басталады екен.

Қазір ғаламторда не жоқ, бәрі бар.  Кез келген құжатты қолдан жасап беруге даяр интернет-дүкендер күннен-күнге көбейіп келеді.

Көлеңкелі бизнестің бүгінде ғаламтор арқасында көсегесі көгеруде. Кәсіпкерлер кез келген оқу орнының дипломын, көлік құжатын, тіпті мектеп аттестатын да бірнеше күннің ішінде пысықтап береді екен. Ақысын төлесең болғаны.

Жасап отырған жұмыстары алаяқтықтан көрі делдалдыққа жататын сияқты. Себебі, тапсырыспен жасалатын құжаттар көшірме емес, түпнұсқа деп сендіруде өздері. Жарнамасы "мен мұндалап" тұрғандардың бірімен тілдесіп те көрдік.

- Диплом керек

- Қай оқу орны, қандай мамандық?

- Қаз ҰПУ, Бейне графист

- 200 мың теңге.

- Кепіл бар ма түпнұсқа болатынына?

- Бұл нарықта ұзақ жұмыс істеп, қаражат табу жоспарымызда бар. Ішкен құдығымызға түкірмейміз ғой.

Күмәнді бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлер ешкімнен қорықпайтын сияқты. Тіпті тапсырыс берушілердің суреттерін, олардан келген алғыс, тілектердің барлығын мақтана парақшаларына іліп қойған.

Алайда заңгер Сергей Уткин бұл заңға өрескел қайшы, қылмыстық іс деп отыр. "Оны іске асырып отырған топ не тым ақымақ, не қолдаушыларына сенеді", -дейді ол.

Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың өзінде жалған құжат жасаған немесе заңсыз жасалған құжат сатқан дерегімен мың жарымнан астам қылмыстық іс қозғалған. 49 жағдай дәл осы дипломдарға қатысты.

Оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке 170-ке жуық адам тартылыпты. Бірақ, нақты осы жағдай туралы ақпарат беруге уәде еткен Ішкі істер министрілігінің өкілі сол күйі жауап бермеді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Құранда аталған пайдасы мол жеміс туралы білесіз бе?

Еліміздің бірқатар аймақтарында үсік әлі де сақталмақшы

«Маскүнем» мемлекеттер тізімінде Қазақстан нешінші орында?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1496768-tort-zhyl-oqymay-aq-memlekettik-diplom/