Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың туыстары үндеу жолдады (фото)
Жарияланған күні:
Алматылық Назерке Әріпті іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Бойжеткеннің туыстары қазақстандықтарға үндеу жолдап, қыздарын табуға көмектесуін сұрап отыр деп хабарлайды NUR.KZ.
Назеркенің туыстарының айтуынша, құқық қорғау органдарынан іздестіруге бөлінген адам саны өте аз, олар толыққанды жұмыс істей алмайды. Сондықтан да қыздың ата-анасы қауымдастықтан және барлық жанашыр халықтан барынша көмек көрсетіп, қыздарын табуға ат салысуды сұрайды.
Тағы оқыңыздар: ШҚО-да 48 жастағы әйелді зорламақ болған мектеп оқушысы жаға ұстатты
Олар тіпті, ешкімді қудаламайтынына, хабар берген адам туралы ақпарат құпияда түрде сақталатына және оған сыйақы берілетініне кепілдік беріп отыр.
«Егер сіз біздің қызымызды ұстап отырсаңыз, қомақты сыйлыққа қайтаруыңызды сұраймыз. Біз ешкімді қудаламаймыз. Біз үшін қызымыздың үйге оралғаны ғана қажет. Қызым, Назерке, егер осы хабарландыруды оқып отырсаң, үйге қайта ғой. Сен бізге өте қажетсің, біз сені жақсы көреміз, сенің ата-анаң мен бауырларың өзіңді асыға күтуде», - дейді қыздың туыстары.
Естеріңізге сала кетейік, 1999 жылы маусының алтысы күні дүниеге келген Назерке Әріп 2017 жылы 10 шілдеде сағат 13:40-та үйден шығып кеткен, әлі күнге дейін оралмады.
Белгілері: Бойы 162 см, салмағы 55 келі. Шашы қара ұзын. Үстінде ұзын қара көйлегі болған.
Телефон номері бойынша іздестерген кезде оның ұялы телефоны 10.07.17 жылы Гурилев-Тәтібеков-Рысқұлов-Айша бибі көшелерінде анықталды.
Егер Назеркеге қатысты қандай да бір ақпарат білетін болсаңыз мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыз. 87027516977, 87754820550, 87753655301.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1557576-almatyda-iz-tuzsiz-zhoghalyp-ketken-qyz/