Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түймебаев мерекеге орай балалар үйінде болып, сыйлықтар берді

Жарияланған күні:

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Құрбан айт мерекесіне орай, Шымкент қаласындағы көпбалалы отбасының шаңырағы мен қаладағы №3 балалар үйінде болып, балаларға мектепке қажетті құралдар толтырылған сөмкелерді сыйға тартты.

Ең алдымен облыс әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтап 10 баланы тәрбиелеп отырған Ералиевтердің отбасына барып, мектепке баратын жеті баласына сабаққа қажетті заттар мен үлкен теледидар тарту етті.

Өз сөзінде аймақ басшысы қасиетті мереке күні отбасыға бейбітшілік пен татулық, амандық және құт-береке тілеп, балаларға Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Мұхтар Әуезовтың мұраларын жалықпай оқып, білімді де тәрбиелі азамат болып өсуін айтты.

Нұрболат пен Гульфайруз ата-апасымен бірге 10 ұл-қызды тәрбиелеп өсіруде. Оның сегізін батыр ана өзі дүниеге әкелсе, сонымен қоса, бауырының жетім қалған екі баласын бауырына басқан. Ералиевтердің үлкені 22 жаста, ал кішкентайы 1 жас 3 айға толып отыр.

Мұнан соң, өңір басшысы Шымкентте орналасқан №3 балалар үйіне барып, жаңа оқу жылында 1 сыныпқа баратын 15 оқушыға мектепке қажетті құралдар толтырылған сөмкелер мен өзгеде мектепке баратын 32 балаға сабаққа қажетті заттарды табыстады.

Балалардың әр қайсысымен тілдескен аймақ басшысы олардың тақпақтары мен әндерін тыңдады. Сонымен қатар, ЭКСПО-ға барып келген балалар көрмеден алған әсерлерімен бөлісіп, әлемдік деңгейде ұйымдастырылған көрмені көруге қолдау көрсеткен әкімге алғыстарын жеткізді.

Бүгінде мұнда 65 бала тәрбиеленуде. Олардың әр қайсысы түрлі ұлттан болғанымен барлығы бір тілде яғни, қазақ тілінде сөйлейді. Бірнеше тілді меңгерген балалар өнерлі де сұлу әрі тәрбиелі.

Айта кетейік, қазіргі таңда мұнда 3 жастан 11 жасқа дейінгі 65 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленеді. Балалар үйінде оқу-тәрбие жұмысы толығымен қазақ тілінде жүргізіледі. Онда би, вокал, қол өнер үйірмелері жұмыс істейді. Үйірмеге 58 бала қатысады. Сабақтан тыс уақытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Шымкент қаласындағы №33 орта мектепте 47 бала білім алса, солардың 15-і ертең бірінші сыныпқа барады. Сондай-ақ, өткен жылдың қыркүйек айы мен осы жылдың қыркүйек айы аралығында 45 баланы ата-аналар қамқорлығына алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1604743-tuymebaev-merekege-oray-balalar-uyin/