Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғасыр жасаған: қажылықты 20 жыл армандаған қария Меккеде жүр (фото)

Опубликовано:

Он үш жасында тұрмысқа шыққан 95 жастағы кейуана Әзизхан Мұхаметжанова Меккеде қажылығын өтеп жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Əзихан əже қажылыққа баруды 20 жыл бойы армандаған. Қарияны 64 жəне 66 жастағы қыздары ертіп жүр.

Əзихан Мұхаметжанова 11 баладан 26 немере, 48 шөбере, 3 шөбшек көріп отыр. Баласының үлкені 72 жаста, кішісі 47-ге толған.

"Шешеміз 20 жылдан бері қажылыққа баруды армандап жүр. Бес уақыт намазын тастамайды. 50 жасынан намаз оқиды. Ораза ұстағанына жарты ғасыр болды. Анамыз 13 жасында тұрмысқа шыққан. Бірінші баласы 20 жасында дүниеге келген. Ағамыз 72 жасқа шықты. Əкеміз 68 жасында қайтыс болды. Шешемді осы сапарға шығаруға кəсіпкер қызы көмектесті", - дейді қызы Гүлсім Оспанбекова.

Тағы оқыңыздар: Жағымсыз иістен арылғандарын айтқан ақтөбелік шенеуніктер «сүйінші» сұрады

Қасиетті Меккеде мұсылманның басты парызын өтеп жүрген кейуана балаларын қалай тәрбиелегенін айтып берді.

"Атам өте тамаша адам еді. Кезінде екі балам төбелесіп, тəртіпке салдым. Сол кезде атымды айтып көрмеген атам атымды айтып іздеді. Мен ұялғанымнан тығылып қалдым. "Мынау сенікі ма?"дейді. Ол "сен ұрдың ба?"дегені. Кейін атамның бетін бір ай көре алмай жүрдім. Содан кейін балаларыма қол көтеріп көрген емеспін", - дейді 95 жастағы əже.

Қыздары қарияның ұзақ жасау құпиясымен бөлісті.

"Əжелерің тойып тамақ жеген емес. Аз ғана мөлшерде жиді. Қойдың сорпасы мен қазы жегенді жақсы көреді.Қазақстан деген шоколадты жейді. Шашы 70 жастан кейін ағарды. 80 жасқа дейін көрпе тікті. Ұзақ жасауының бір құпиясы - моншаға түскенді жақсы көреді",- дейді қызы.

Тағы оқыңыздар: Алматы әуежайында есірткі тасымалдамақ болған азамат ұсталды

Əзизхан әже əлі күнге дейін отбасының басшысы екен.

"Бұл кісінің құлағы жақсы естиді. Көзі де жақсы көреді. Үйдің биі осы кісі. Бар баласы айтқанын тыңдайды",-дейді қыздары отбасындағы татулықтың себебін түсіндіріп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1604750-ghasyr-zhasaghan-qazhylyqty-20-zhyl-armandagh/

pixel