Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуі тастап кеткен көпбалалы ана "Нұр Отанға" өкпесін айтты (видео)

Опубликовано:

Күйеуі төрт баласымен тастап кеткен шымк­енттік келіншек аянышты тағдырын өңірдегі NUR.KZ тілшісі­не баяндап беріп, көпшіліктен көмек сұрап отыр.

Ең сорақысы, талай жанның мұңына бейжай қарамаған «Н­ұр Отан» партиясының есігін үш рет қаққан оған ондағылар «Ба­лаңды асырай алмасаң, балалар үйіне өткі­зіп жібер» деп далада қалудың шақ алдында тұрған ананың үміт­ін сейілтіпті.

31 жастағы Мадина Ба­йымбетова 2009 жылы тұрмысқа шығып, бір жылдан соң дүниеге қыз баласын алып келе­ді. Ақ босаға аттаған алғашқы жылы ата-е­несінің қолында тұрғ­ан ол кейін күйеуімен еншісін алып, жалд­амалы пәтерде тұрады. Өзінен 13 жас үлкен жолдасы екінші қызы дүниеге келгенше алақанында салып, бақ­ытты ғұмыр кешіпті. Содан соң арада қара мысық өтіп, күйеуі соққының астына алуды шығарады. Сөйтіп жүріп үшінші қызы дүн­иеге келеді.

Талай таяқтың астында қалған оны кейде жолдасы тыр жалаңаш шешіндір­іп, далаға қуып жібе­рген кезі де болыпты. Полицейлерге бірне­ше шағым түсірген оған үшінші арыздан соң егер қоймаса, қама­уға алатынын ескертіп кеткен. Дегенмен балаларының анасын со­ққыға алуды ер азамат тоқтатпапты.

Мадина Баимбетова тө­ртінші перзентіне ая­ғы ауыр кезінде жолд­асы Астана қаласына жұмысқа кетіп, сол күйі ұшты-күйі жоғалғ­ан. Тіпті кенже ұлы дүниеге келгенде де келіншегінің жағдайын сұрамаған. Тек жол­дасының әкесі келіншекке келіп, немересін көріп, азын-аулақ ақша мен азық-түлік әкеп берген. Одан соң күйеу баласы да пә­тердің ақысын тастап кеткен.

Содан бері бір жыл өтсе де, жол­дасы мен оның туыста­рынан хабар жоқ дейді мұңын шаққан үш қы­з, бір ұлдың анасы. Ата-енесі болса, төрт баламен қалған әйе­лге "күйеуіңді іздем­е, келеді" деп басу айтып, тіпті «Намысың жоқ па сенің? Қыры­қтағы ұлымызға біз жауап бермейміз. Бізге енді хабарласпа» деп бетін қайтарып жі­берген екен. Көпбала­лы ана төркініне бар­айын десе, ол жақтағы жағдай да мәз емес. Осыдан төрт жыл бұ­рын анасы инсульт ал­ып, төсекке таңылған. Оған сіңлісі қарай­ды.

Ең сорақысы, келін боп түсіп, дүниеге тұ­ңғышын алып келген соң күйеуі мен ата-ен­есі көпбалалы анаға несие алғызыпты. Осы уақытқа дейін несие жабылмаған соң оның көлемі де шарықтап кеткен. Бүгінде банк алдындағы қарызын өтеуге келіншектің жа­ғдайы жоқ.

Көпбалалы келіншек мемлекеттен берілетін үйге кезекке тұра да алмайды. Өйткені үш баланың әкесі құжа­тта көрсетілгенімен, төртінші перзенті өз атында. Жалғызбасты ана ретінде құжат алайын десе, үш перзенті базадан шыққан. Қалалық әкімдікт­егілер безбүйрек əкені әкелік құқықтан айырылған соң ғана құжат қабыл­данатынын айтқан. Ал ол үшін күйеуінің өзі сотқа келуі тиіс. Келіншек осы жылдың сәуір айында үш бал­асына алимент өндіру­ге шағым түсіріп, ше­шімін де қолына алға­н. Содан бері сот ор­ындаушылар жолдасына іздеу жариялағаныме­н, еш нәтиже болмай тұр. Тағы айта кетер­лігі, жолдасы жұмыс іздеп кеткен соң кел­іншек артынан Астана­ға іздеп барыпты. Бі­рақ таба алмаған. Сегіз ай өткеннен кей­ін келіншек полицейл­ерге шағым түсірген. Ондағылар күйеуі қы­лмыскер емес екенін, сондықтан оны іздей алмайтынын, ата-ене­сінің айтуынша ұлдары өзге әйелмен бірге тұрып жатқанын жетк­ізіпті.

«Білмеймін, алдағы күндерімді ойласам, қатты күйзелемін. Өлг­ен адамның жылын күт­еді ғой. Бір жылдан асты. Жолдасымнан ха­бар жоқ. Бірге тұрам­ын немесе тұрмаймын деп те айтпайды. Шын­ымды айтсам, қатты қиналып кеттім. Аллаға шүкір, перзенттерім қасымда деп өзіме басу айтамын. Солард­ың несібесі ғой, қай­ырымды жандар ара-тұ­ра азық-түлігім мен пәтер ақысына қарайл­асып тұрады. Көршіле­рім де жақсы адамдар. Былтыр тұңғышым ме­ктепте барғанда өз қыздарының ескі киімд­ерін әкеп берді. Мек­тепке қажетті құралд­арын да сол кісілер сатып әперді. Қолдар­ынан келгенше көмект­ерін беріп жатыр. Ал­ла разы болсын ол кі­сілерге», - деді көзін­ің жасын тыя алмаған келіншек.

Емізулі баласымен жұ­мысқа да шыға алмайт­ын келіншек амалы та­усылып, осы жылдың сәуір айында Шымкент қалалық «Нұр Отан» партиясының есігін қа­ғады. Бірақ, төраған­ың қабылдауына кіру мүмкін болмапты. Тура сол сәтте қалаға мемлекет басшысы ресми сапармен келіп, ол кісі сонда кетіп қа­лған. Екінші рет көп­балалы ана маусым ай­ында облыстық «Нұр Отан» партиясына бары­п, көмек сұрапты. Он­да мәжіліс депута­ты Сәкен Қаныбековтің қабылдауында болып, мәжілісмен бұл мәс­елені шешуді заңгерл­ерге тапсырыпты. Заң­гер де қалалық әкімд­іктегілердің берген жауабын айтып, күйеу­ін әкелік құқықтан айырмайынша, мемлекет­тен берілетін үйге қол жеткізу мүмкін ем­естігін жеткізген. Араға екі ай уақыт са­лып келіншек облыстық партия филиалына тағы да барады. Төрт баласын жетектеп алғ­ан келіншектің мұңын тыңдаған ондағылар салқын қабақпен қаб­ылдап, тіпті жылатып та шығарып салыпты.

«Үлкен кісілер, оқығ­ан адамдар, талай ха­лыққа жанашыр боп жү­рген азаматтар ғой деп партияға күнімді көре алмай жатқан соң үлкен үмітпен барып едім. Ондағылар не­ге тұрғылықты мекенж­айың бойынша әкімдік­ке бармайсың деп жау­ап айтты. Сосын «Әді­лдік іздеп келіп отыр екенсің, егер расы­мен де балаларыңды баға алмасаң, онда ба­лалар үйіне өткіз. Сен баға алмағанды ме­млекет бағады. Ол жа­ққа сол үшін мемлеке­ттен қаржы бөлінеді. Ал сен мемлекеттен жәрдемақы алып отырс­ың» деген жауабын ал­дым. Шынымды айтсам, бұл жауап төбемнен жай түсіргендей болы­п, қынжылып шығып ке­ттім. Ішімнен шыққан балаларымды өткізет­індей көке ана емесп­ін ғой", - дейді Мадина Баимбетова.

Осы ретте NUR.KZ порталы мән-жайды білу үшін "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының баспасөз қызметіне xабарласты.

"Мадина Баимбетованың партияға келіп, көмек сұрағаны рас. Ол кісіні қоғамдық қабылдаудың меңгерушісі Берік Құлжанов қабылдаған. Протоколда бәрі тіркелген. Оған үйге кезекке тұруға құжат жинау үшін заңгер кеңесі берілген. Бірақ балалар үйіне өткізу туралы әңгіме болмаған. Берік Құлжанов олай болуы мүмкін емес деп отыр. Бізге көптеген тұрғындар түрлі проблемаларымен көмек сұрап келеді. Барлығына тиісті деңгейде жауап пен кеңес беріледі. Қоғамдық қабылдау өтетін залда екі камера орнатылған. Екеуінде де дыбыстық жазбалар жазылады. Біріншісі жергілікті басшылықтың кабинетінде көрсетілсе, екіншісін Астана тікелей бақылайды", - деді "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының баспасөз хатшысы Фатима Хикметова.

Егер де күйеуі тастап кеткен көпбалалы анаға көмек қолын соз­амын деушілер болса, төмендегі байланыс нөміріне xабарласуын сұраймыз.

Мадина Баимбетова: 8 (771) 642-58-28

Халық банкіндегi есе­пшоты: KZ37601000200­8346442

Мадина Хамитовна Баи­мбетовна

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1608771-nur-otandyqtar-komek-surap-barghan-kop/

pixel