jitsu gif branding logo appbranding logo app

Түркиядағы өмірге тәнті болған қызылордалық бойжеткен елге қайтудан бас тартты (фото)

: UGC

Түркия мемлекетінің Анкара қаласында оқып жатқан қызылордалық қыз елге оралудан бас тартты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Марина Анкара универсиетінің журналистика факультетінің 4 курс студенті. Айтуынша Қазақстаннан гөрі Туркияда өмір сүру тиімді.

''Мұнда ең төмен жалақы 150 000тг, ал Қазақстанда 20 000тг. Түркияда азық-түлік,үй, жолақы сияқты заттар арзан. Халыққа өте қолайлы.''- дейді.

Тағы оқыңыздар: Астанада концерт берген шымкенттіктер тағы да ұятқа қалды

Маринаның айтуынша Қазақстанның ең басты минусы ''таныс''.

''Бәкесі мен Мәкесі барлар ылғи табылады, ал түрік елінде нағыз білім мен білікті маман шынайы бағаланады. Мен сол үшінде мансабымды осында бастағым келеді'' ,- дейді өз сөзінде ол.

Марина шетелде оқуға шешім қабылдағанда ата-анасы оған ешқашан түрік жігітіне ұрмысқа шықпайсың деген шарт қойған. Дегенмен, қазір қыздарының қалған өмірін Қара теңіз жағалауында өткізуіне қарсы емес.

 

Тағы оқыңыздар: Астанадағы элиталы тұрғын үй кешенінде тағы да лифт құлап кетті

''Мен шетел азаматтарына тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарын түсінбеймін және мүлде қарсы пікірдемін. Мен болашақта түрік елінде болсамда тек қана қазақ жігітіне шығамын'', - дейді  Маринаның өзі.

Алдағы жылы қолына дипломын алатын Марина:

''Мен алдағы уақытта елге міндетті түрде ораламын. Бірақ нақты қашан екені белгісіз. Отанға оралу менің - парызым'' , - деп сөзін аяқтады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.