Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 70 жастағы әжей ну орманның ішінде жоғалып кетті

Опубликовано:

Ну орманға қарай кеше жол тартқан 70 жастағы әжей сол күйі қайтып оралмаған. Валентина Чекина Зерендідегі демалыс орнына Тараздан барған екен. Қазір оны орманшылар мен тұрғындардан құралған жүз шақты адам аяқтарынан тік тұрып іздеп жатыр деп хабарлады КТК арнасы.

Алғашқы күні Валентина Чекинаны іздеп табудан үміттерін үзбеген олар қараңғы түскенше орман кезген. Тіпті өздері адасып, бір-бірін әрең тауыпты.

"Бүгінгі күні 98 адам жұмылдырылып отыр. Жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, екі күн болды. Орман қалың. Күн болса суытып жатыр, салқындап. Өзіміздің іздеген азаматтар да адасып кетіп, соларды таптық", - дейді Зеренді ауылдық аймағы әкімінің міндетін атқарушы Асхат Әбуғалиев.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысында 12 жасар қыз анасына есірткі сатуға көмектескен

Зейнеткер орманға жалғыз өзі кетпеген. Қасында Ақтөбеден келген қыз бен жігіт болыпты. Солар адасып кеттік деп құтқарушыларға хабар берген. Әжейден де көз жазып қалыпты. Орманшылар ол екеуін тауып, бүгін үйлеріне кетіпті. Ал қария әлі жоқ. Ол Зерендіде бір жарым айдан бері демалып жатыр екен.

"Ол әжей жыл сайын келеді. Дала жидегін, емдік шөптер,саңырауқұлақ жинайды. Осы жолы шілденің 27-сінде келді. Анау бір шағын үйде тұрады. Орманға барып, серуендеп келетін. Кеше де үйдің кілтін тапсырып, солай қарай шығып кеткен. Содан көрмедім", - дейді демалыс орнының әкімшісі Александр Миллер.

Тағы оқыңыздар: Ақылы білім алғысы келетіндер ҰБТ тапсырмауы мүмкін

Тараздық қарияның Зерендіде туысқандары да жоқ екен. Ал құтқарушылар уақыт өткен сайын, құрамын өзгертіп, іздеушілердің саны көбейіп келеді.

Төтенше жағдайлар қызметі әзірге тікұшақ шығарған жоқ. Өйткені қалың орманда жүрген адамды жоғарыдан көру қиын.

Құтқарушылар көріпкелдер көмегіне де жүгінген. Олар жоғалғанына екі күн болған әжей дін аман, ну орманда адасып жүр депті.

Қазір ауа райы да күрт бұзылып, күн суытып барады. Соған қарамастан құтқару тобы іздестіру шараларын жалғастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1615564-aqmola-oblysynda-70-zhastaghy-azhey-nu-orma/

pixel