Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістаннан кім бар?: Ауылдағы гей жігіттер өз махаббатын қалай іздейді? (фото)

Опубликовано:

Бүгінде әлеуметтік желілерде ЛГБТ өкілдерінің мүддесін қорғап, қызығушылықтарын қанағаттандыратын түрлі топтар пайда болуда. Әсіресе, қазақтың гей жігіттеріне арнап ашылған сан алуан парақшалардан көз сүрінеді. NUR.KZ порталы V Kontakte желісіндегі ауылдағы қарапайым қазақ гей жігіттеріне арналған топтарды анықтап көрді.

Аталған әлеуметтік желіде түрлі атаумен тіркелген топтардың саны бірнешеу болып шықты. Мәселен, осындай топтардың бірінде ғана 4000-ға жуық адам тіркелген.

"Ғажайып жігіттер" деп аталатын топта желі қолданушылары басынан өткен оқиғаларын жазып, елден кеңес сұрайды. Ал кей жігіттер тіпті өзіне тең "сыңар" іздеп жар салады.

Айта кету керек, бұл топтардың барлығының атауы да, ішіндегі жазбалардың мазмұны да қазақ тілінде.

Бір қызығы, ел арасында гейлер тек қана қала жастарының арасынан шығады деген қатып қалған қағида бұл топта  жүрмейді. Себебі жазба қалдырғандардың көбі өзінің ауылдың тумасы екенін жазған.

Топқа жазба қалдырғандардың көбісі 1997-2000 жылғы екенін жазған. Тіпті кейбірі үйленгенін және бірнеше баласының барын да жазған. 31 жастағы жігіттердің де хабарламаларын кездестіруге болады.

Тағы оқыңыздар: Астанада аспалы көпірден құлап кеткен алты жасар бала суға кетіп қалды

Түркістанның, Шудың, Тараздың, Орал, Ақтөбенің жігіттері де өзіне жұп іздеп, хабарлама қалдырған.

Бұл топтарда тәубесіне келіп, өзінің дұрыс жолға түспегенін айтып жазба қалдыратындар да жоқ емес. Ал кейбірі тіпті ата-анасына білдірмеу үшін "лесби" қыздарға үйленетінін айтып, хабарлама қалдырған.

"Менде мынадай мәселе туындап отыр: жасым 26-ға таяп қалды және үйдің жалғыз баласымын, сондықтан әке-шешем "қашан үйленесің" деп айтып қоймайды. Ал менде қызым болмаған да ешқашан, мен таза гей жігітпін оның үстіне пассивті рөлде. Менде ешқандай манера жоқ "сен гейсің" деп айтатындай, бірақ мына жасқа дейін жетіп, үйленуге әрекет жасамағаннан кейін бе, кейде анам "сен не кызтекесің ба?", - деп намысқа тиетіндей сөйлейді.

Гей екенім намысыма тимейді әрине, өйткені мен оңды-солды танығалы қыздарға қызығып қараған емеспін. Мені қинайтын мәселе: үйленіп, бір үйдің ардақтап өсірген қызының тағдырын бұзғым келмейді", - деп ашық жазған желі қолданушысы.

Тағы оқыңыздар: Оңтүстік Кореяға пластикалық ота жасатып келген шымкенттік қыздың жағдайы қалай?

"Күндердің бір күнінде бұл неке де ажырасумен аяқталады... Қаншама бос шығын, қаншама бос үміт бәрі-бәрі күлі көкке ұшады ғой. Осы сияқты ойлар ішімді жеп барады. Оны әке-шешеме айта алмаймын, ескілікті көрген адамдар мұндайды еш түсінбейді. Ел сияқты қалыпты тағдырды аңсайды бала өсіріп, оқытып, үйлендіріп, жұмыс істетіп, бала шағалы болғызып, немере өсіріп қартайып кету. Ех, жалған ай! Үш ұйықтап түсіне де кірмеген ғой жалғыз баласының гей болып шығатыны.

Мен жалғыз сұрайтыным лесби қыздардың ішінде осы мен сияқтылармен үйленіп үй болатындар бар ма? Мені түсініп отырған шығарсыздар. Маған қазақ қызы керек. Лесби қыздардың ішінде де мен сияқты болашағын ойлайтындар бар шығар, жазыңдаршы", - деп жазған ол.

Тағы оқыңыздар: Астанада алты баламен киіз үйде тұрып жатқан отбасы көмекке мұқтаж

Мұндай хабарламаларға жауап беріп, сыңар болуға дайын екенін айтатындар да жоқ емес. Бұл топта пікір жазып, жұп іздеп жүргендердің аккаунтында ешқандай сурет немесе толық мәлімет таппайсың. Саны көп, бірақ аты мен суреті жоқ фейк парақшалар топтарда өз жазбасын бөлісуде аса белсенділікке ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1629059-turkistannan-kim-bar-auyldaghy-gey-zhi/

pixel