Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда тұратын үш жасар қыз "Кішкентай Азия аруы" атанды (фото)

Опубликовано:

лицо маленькой девочки
Фото: UGC

Астанда қыркүйектің басында өткен "Кішкентай Азия аруы 2017" байқауында үш жасар тараздық қыз жеңімпаз атанды. Бұл туралы NUR.KZ порталы zhambylnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тараздық Согдиана Нажмудинова қатысушылар арасында ең кішкентайы болғанына қарамастан, жеңіс тұғырынан көрінді.

"Бала кезімде модель болуды армандайтынмын. Қызым дүниеге келгеннен кейін, ойланбастан оны модельдер мектебіне бердім. Согдиана өте зерек, сахнадан қорықпайды. Ол сахнада жұрттың назарында болғанды жақсы көреді", - дейді қыздың анасы Карина.

Тағы оқыңыздар: Каталония жақын күндері Испаниядан тәуелсіздік алады

Анасы мен қызы байқауға бір ай бойы дайындалыпты. Согдиананың барлық көйлегін анасы өзі тігіп берген. Ал би билеуге балалар бақшасының хореографы үйретіпті.

Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстаннан 200-ден астам қыз бала қатысқан. Енді Согдиана Мәскеуде осы жылдың қарашасында өтетін "Кішкентай әлем аруы" байқауына дайындалып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1636870-tarazda-turatyn-ush-zhasar-qyz-kishkenta/

pixel