Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішіне жын кірген адамдарды емдейтін ақтөбелік бұрынғы имам әруаққа сенетінін ашып айтты

Опубликовано:

Осыған дейін ішіне жын кіріп кеткен адамдарды емдейтінін айтқан ақтөбелік имам өңірдегі NUR.KZ тілшісіне сырын ашты. Ол әулие жағалап, әруаққа сенеді екен.

«Әулиелерге барып, зираттап тұрмасаң шаршайсың. Кейде мұхиттың арасына кіріп кеткің келетіндей ойда боламын. Мен әулиелерге барып зиярат жасауға тыйым салмаймын. Өзім уахабистік жолда жүруден аманмын. Рухани сауықтырушы деген сертификатым бар. Мен жасырмаймын, әулиелердің басына барып тұрамын. Ахмет Яссауиға, Өзбекстан жағына көп барамын. Жындарды емдеу оңай емес, үш ұрпақты құртады. Ол үшін мықты ұстазың болу керек. Маған Өзбекстандағы ұстазым аян берген», - дейді имам Мұхаметқали Шүкірәлиев.

Адамдарға дем салатын ақтөбелік имамның әулиелігі де бар болып шықты.

«Мен Ақтөбенің халқы не істеп жатқанына дейін сезіп отырамын. Адамның тұрысына, ойына қарап ол туралы ақпарат білуге болады. Менің қасымда көп адам шыдай алмайды. Ертеректе көп жамағатқа имам болғанмын. Көпшілігі рухани жағынан шыдай алмай кетіп қалады. Біздің діндарлығымыз қатты.

Сізбен сөйлесіп жатқанда байқадыңыз ба? Сөйлескенде де ем жүреді. Менің әрбір сөзім дуа болып кетеді. Қазақта дуалы адам деген сөз бар емес пе? Өзім түсінбеймін, бірақ ем жүреді», -дейді ол.

Имамдыққа әулиелерге сиынуының арқасында қол жеткізген ол қазір Қандыағаш қасындағы Жұрын елді-мекенінде имамдық қызметте.

«Мен Түркістандағы ұстазымнан бата алғанмын, дін жолында жүргеніме 25 жыл болды. Қазір молдалардың көпшілігі мені мойындады, алдыңнан кесіп өтпейді. Әруақтар әлемі деген болады, солар мойындатады негізі. Көп әулиелерге нан пісіріп едім жолымды ашып жіберді. Имамдардың барлығы аузын аша алмай қалды. Мықты әулиелердің барлығы Өзбекстанда. Олардың өздерінің нандары болады. Соны пісірсеңіз жол ашылады», -деді ақтөбелік имам өзінің басқа әлемде жүргенін жасырмай.

Айтуынша, өзі барған ауылда имамға жағдай жасалмаған.

«Жұрын ауылында жағдай жоқ екен. Үй де, мешіт те салқын . Әкімі 20 күнге кетіп қалған. Мені көре алмайтындар көп. Ертең сендерге шыққаннан кейін маған жығылып жататындар көбейетін шығар. Мені онсыз да Қазақстанның бәрі таниды», - дейді Мұхаметқали Шүкірәлиев.

Тағы оқыңыздар:

Үш келілік алып тілге ие аю көпшіліктің зәресін ұшырды (фото)

Қай елде мұсылман қыздарға селфи жасап, желіге жүктеуге тыйым салынған?

Бұрынғы ресейлік офицер кредиттен құтылу үшін "Ислам мемлекеті" сапына өткен

Атышулы Тоқмәди банкир Тәтішевтің өліміне қатысты соттың алдында жауап бермек

Шымкентте өртеніп жатқан үйден шыға алмай қалған бес жасар бала көз жұмды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1658282-ishine-zhyn-kirgen-adamdargha-dem-salaty/

pixel