jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Екі баласын тастап, үйінен кетіп қала беретін алматылық келіншек жұртты әбігерге салды (фото)

: UGC

Алматыда екі баласын тастап, үйінен белгісіз жаққа кетіп қала беретін 23 жастағы келіншек тәртіп сақшыларын әбігерге салды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Алмагүл Қалыбаева есімді жас әйелді Алматы облысы мен қаланың полицейлері күні-түні іздеген.

«Жолдасы Мират Саттарқұлов кеше полицияға арыз түсірді. Алмагүл Қалыбаева таңертең жұмысқа шығып кетіп, жанұясына оралмағанына бес күннің жүзі болған.

Жұбайының айтуынша, келіншектің үйден кетіп қалу әдеті бұрыннан бар екен. Ертеректе де балаларын тастап, айлап жоғалып, қайтып келіп отырған жас ана бқл жолы күйеуімен ұрысып қалған соң кетуді жөн санапты.

Қазіргі уақытта ол үйіне қайта оралған» ,- деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметкері Жанар Төлегенқызы.

Алмагүл Қалыбаева «Алтын орда» базарында аула сыпырушы болып жұмыс істеген. Жас ана жүйке ауруына шалдықпаған екен. Алайда, полицейлер жазылған арыздан соң ғана шиеттей балаларын жиі тастап кететін ананың бұл әдеті жайлы білгендерін және шара қолданатындарын айтты.

«Келіншек бұрын да айлап жоғалып кетсе де жолдасы осы жолы бірінші рет полицияға арыз түсірді. Қазір екі кішкентай баланы үйде әкесі қарап отыр. Бүлдіршіндерді қараусыз тастап кету туралы мәселені талқылайтын боламыз», - деді баспасөз қызметкері.

Естеріңізге сала кетсек, 23 жастағы ана Алмагүл Қалыбаеваның жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде шыққан еді. Онда келіншектің күйеуі әйелі қайтып келмесе, бүлдіршіндерді балалар үйіне өткізетіндігі жазылған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Эфирге басын ұстап шыққан тележүргізуші жұртты шошытты

Ресейлік порно жұлдыз 2018 жылы президент сайлауына түспекші (фото)

Рамзан Қадыров Мәскеудің қақ ортасында тұрған Ленинді жерлеуге шақырды

ОҚО-да ішімдікке тойып алып қырғын салған шенді полицей қызметінен қуылды

Шымкенттік қария елдің тұрмысын көтеру үшін Шыңғыс ханның қабірін ашуды ұсынды

Екі баласын тастап, үйінен кетіп қала беретін алматылық келіншек жұртты әбігерге салды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.