Сарыағашта мектеп директоры тәртібі қиын баланы жетімдер үйіне өткізіп жібермекші болды (видео)
Жарияланған күні:
Сарыағашта мектеп директоры тәртібі қиын баладан құтылу үшін ата-анасынан бас тарқызып, жетімдер үйіне өткізбек болған. Бұзақы оқушыдан осылайша құтылмақшы болған директордың сорақы әрекетін баланың әкесі Руслан Кулеев өңірдегі NUR.KZ порталының тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.
Жалғызбасты әкенің айтуынша, оның тоғыз жасар ұлы Абдулла мектепте құрдастарымен жиі сөзге келісіп қалады. Бірақ, бала болған соң, оқушылар реніштерін ұмытып, татуласып бір-бірімен ойнап кетеді. Үшінші сыныптың оқушысы осы күнге дейін Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылындағы 50 жылдық мектебінде білім алған. Алайда, мектеп директоры Сара Қыстаубаева жалғыз басты әкеге "балаңды жақсы жерге орналастырамын" деп, алдап соғып, туған перзентінен бас тарту туралы арызға қол қойдырып алған екен.
"Балам негізі "шустрый". Үнемі ойнап-күліп жүреді. Бала болған соң, бұзықтығы да бар. Мектепте жанжал шықса болды директор мені қайта-қайта шықырып, сенің балаң бәрін бүлдірген деп қысым көрсете береді. Бір кездескенімізде директор Сара Қыстаубаева балаңды жақсы интернатқа орналастырамын деді. Бала ол жақта оқиды, киім алып береді. Барлық жағдайын жасайды деді. Кейін, ішкі істер бөлімінен хабарласып, балаңнан бас тарту туралы арыз жазыпсың, жетімдер үйіне орналастырамыз дейді. Төбеме жәй түскендей болды. Сөйтсем, мектеп директоры баламнан құтылмақшы болған екен" -дейді жалғыз басты әке Руслан Кулеев.
Руслан әйелімен бес жыл бұрын ажырасып кеткен. Анасы баласынан бас тартқан екен. Бірақ, Русланның өзі туған перзентінен бас тартпаймын деп отыр. Жетімдер үйіне де өткізбейтінін мәлімдеді. Бірақ, өкінішітісі тоғыз жасар Абдулла бір айдан аса мектепке бармайды дейді әкесі. Өйткені білім ұясының басшысы оқушының кітаптарын қайтарып алған. Қазір әкесі баласын үйде оқытып жүр.
Тағы оқыңыздар:
Қанат Ислам WBO рейтингінде үшінші орында қалды
Синоптиктер демалыс күндері елімізде көктайғақ болатынын айтты
Сейсмологтар Алматыдағы ең қауіпті жер сілкінісі ошақтарын атады
Гүлназ Жоланованың тұрмысқа шыққалы жатқаны рас па?
Шымкентте бүтіндей бір отбасы мүшелерінің өлі денелері табылды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1687968-saryaghashta-mektep-direktory-tartibi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.