Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тура мектептің алдында қара жамылып, намаз оқығандар елді шошытты (фото)

Жарияланған күні:

Желіде Ақтөбедегі №52 мектептің алдында қара ниқабпен намаз оқыған әйелдердің суреті тарап кетті. Бұл жағдай мектеп қызметкерлерін де, айналадағы тұрғындарды да қатты шошытқан деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде тура мектептің алдында қара жамылып, намаз оқығандар елді шошытты (фото)
Ақтөбеде тура мектептің алдында қара жамылып, намаз оқығандар елді шошытты (фото): UGC

Көрініс 2018 жылдың 9 қаңтарында түсірілген. Суретте беттерін бүркеп алған келіншектердің қар үстінде намазға жығылып жатқаны көрінеді.

Ақтөбеде тура мектептің алдында қара жамылып, намаз оқығандар елді шошытты (фото)
Ақтөбеде тура мектептің алдында қара жамылып, намаз оқығандар елді шошытты (фото): UGC

Конституцияның 1-бабы 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырған» деп көрсетілген. Сондай-ақ, 2016 жылы 14 қаңтарда Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығы шыққан болатын.

Онда «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б ) және кез келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған», — деп тайға таңба басқандай анық көрсетілген.

Осы орайда аталмыш білім ордасында оқушылардың сабаққа тек мектеп формасымен ғана жіберілетіндігіне қатысты жиын өткен еді.

Астанадан келген депутат Бақытбек Смағұл "Балаларымыз мектепке орамалмен жіберілсін" деген ата-аналардың шағымын тыңдаған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1711574-aktbede-tura-mektepti-aldynda-kara-zamylyp-namaz-okygandar-eldi-sosytty-foto/