Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтар тарымен шай ішуді үйретті: Шетелдік фотограф талқанның дәмін ұнатып қалды

Опубликовано:

Шетелдік фотограф Майкл Сагатис Қазақстанның бірнеше қаласын аралап, қазақ халқы жайлы жылы әсерлерімен бөлісті деп inform.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қазақтар тарымен шай ішуді үйретті: белгілі шетел фотограф Қазақстан жайлы өз әсерлерімен бөлісті
Қазақтар тарымен шай ішуді үйретті: белгілі шетел фотограф Қазақстан жайлы өз әсерлерімен бөлісті: UGC

Белгілі фотографтың айтуынша, ол Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларын аралаған.

"Астана құдды бір өзге планетадағы қала істпеттес, себебі, бір түннің ішінде таңғажайып ғимараттар бой көтеруі әбден мүмкін. Сол сияқты елдің батысындағы Ақтөбе қаласында болдым. Ол қалаға баруым тіптен қызық болды. Қалаға жету үшін, «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызға отырып, Қазақстанның Шымкент сияқты қалаларын көрдім.
Қазақтар тарымен шай ішуді үйретті: белгілі шетел фотограф Қазақстан жайлы өз әсерлерімен бөлісті
Қазақтар тарымен шай ішуді үйретті: белгілі шетел фотограф Қазақстан жайлы өз әсерлерімен бөлісті: UGC
Ол жақтан өзіме алма, алмұрттан бөлек талқан мен кептірілген жемістер сатып алдым. Ал пойыздағы көршілерім маған сүтті шайға тары мен талқан қосып, шай ішуді үйретті. Дәмі тіл үйіреді, маған қатты ұнады",-деп өз әсерлерімен бөлісті танымал фотограф.

Шетел азаматы, сондай-ақ, еліміздің алуан түрлі ауа температурасы мен табиғатына таң қалған.

«Бір қызығы Шымкентте күн жып-жылы болса, Ақтөбеде қытымыр қыс екен. Қалада аяз күшейіп, жерде қар жатты. Ал Алматы мен Ақтөбе арасындағы жалпақ даланың кеңдігі мен тылсым күшінде шек жоқ, осыншама иен даланы көріп таң қалдым. Адамдардың дүниетанымы мен менталитеті де әрқилы. Қуаныштысы, қазақ халқы бұрынғы кеңес дәуіріндегі құлдық санадан арылып келе жатқан сияқты. Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенімім мол»,-дейді шетелдік азамат.
Қазақтар тарымен шай ішуді үйретті: белгілі шетел фотограф Қазақстан жайлы өз әсерлерімен бөлісті
Қазақтар тарымен шай ішуді үйретті: белгілі шетел фотограф Қазақстан жайлы өз әсерлерімен бөлісті: UGC

Айта кетейік, фотограф Майкл Сагатис Қазақстанға Шығыс Польшадан жер аударылған әжесі Юзеф Буйдованы іздеп келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715167-kazaktar-tarymen-saj-isudi-jretti-seteldik-fotograf-talkanny-dmin-natyp-kaldy/

pixel