Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің адалдығын тексеруді қалаған астаналық әйел жас қыз іздеуде

Опубликовано:

Желіде күйеуі көзіне шөп салып жүр деп күдіктенген елордалық келіншектің жас қыз іздеген жазбасы пайда болды деп хабарлайды «NewTimes.kz»-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды.
Көрнекі фото желіден алынды.: UGC

Күдікшіл әйел бұл үшін бес мыңнан 20 мыңға дейін ақы төлейтінін айтады.

Хабарландыру Астанадағы әйелдер форумының бірінде жарияланған.

«Сәлеметсіз бе! Меніңше, көптеген адамдарды екінші жартысын тексеру туралы ой мазалайтын болар. Жас қыздың (22-24 жасар) аккаунты қажет, бағасын келісеміз. Өтінемін, сынамаңыздар! Қаласаңыздар + деп жазыңыздар, өзім хабарласамын. Рахмет!», – деп жазады желідегі әйел.

Хабарландыру авторымен байланысқа шыққан тілшіге келіншек есімін құпия сақтағысы келетінін айтқан.

«Біз жұбайымыз екеуміз құрдаспыз. Менің жасым – 32-де, ал күйеуім – 33 жаста. Барлығы жақсы тәрізді. Бірақ соңғы кездері суықтау болып жүр. Бәлкім, ештеңе өзгермеген шығар, бірақ мен бір нәрсені сеземін. Сондықтан осындай шешім қабылдадым. Бұрын ол үшін қалай көріну маңызды емес болса, қазір әтір себуді шығарды, өз-өзіне қарай бастады», – дейді жарына сенімсіздік танытқан келіншек.

Әңгімелескен тілшінің айтуынша, олардың отбасы ауқатты тұрады және барлық жағдайды ері жасайды екен. Тіпті туыстарына да көмектеседі.

«Мен оны қатты сүйемін, ол да мені сүйеді. Не істерімді білмеймін. Қайдағы бір қыздың отбасымды бұзғанынан қатты қорқамын, сондықтан да уақытында тоқтатқым келеді, отбасымды сақтау үшін бәрін білгім келеді. Егер ол біреумен кездескісі келсе ше... олай бола қоймас деп үміттенемін. Қандай жағдай болса да, дайын болу керек», – деп өз ойымен бөліскен келіншек қазіргі таңда бала күтіміне байланысты демалыста екенін де жасырмайды.

Тілшінің мәліметінше, әзірге хабарландыру бойынша ешкім хабарласпаған.

Дегенмен желі қолданушыларының бірі келіншекке «мәселе туындатудың» қажеті жоқ, «өмірден ләззат алыңыз» деп кеңес берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715669-kjeuini-adaldygyn-tekserudi-kalagan-astanalyk-jel-zas-kyz-izdeude/

pixel