Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бейтаныс жігітпен кездескен 15 жастағы қыз жоғалып кетті (фото)

Жарияланған күні:

Алматыда әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездескен 15 жастағы алматылық Әйгерім Рысбек із-түзсіз жоғалып кетті. 23 ақпан күні сабаққа кетіп, сол күйі үйіне қайтып оралмаған қыздың туыстары не істерін білмей дал болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда белгісіз жігітпен кездескен 15 жастағы қыз жоғалып кетті (фото)
Алматыда белгісіз жігітпен кездескен 15 жастағы қыз жоғалып кетті (фото): UGC

2002 жылы туған Әйгерім Рысбекқызы Алматыдағы колледждердің бірінде оқиды. Ақпан айының 23-де ол колледжден саған күндізгі екіде шығып кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Бұл туралы Әйгерімнің туған ағасы Жәнібек Әшімов хабарлады.

"Сабаққа кеткен, сабақтан екіде шыққан. Шамамен сағат екі жарымдарда ол 2000 жылы туған Н. С. есімді жігітпен кездескен. Райымбек пен Полежаева көшесінің қиылысындағы Аида деген магазиннің жанында кездескен.

Қызды сол жақта тұратын жеңгем көріп қалыпты. Артынан айғайласа, Әйгерім тоқтап тұрған кезде ана бала сүйреп, ары қарай алып кетіпті. Ана бала басында әпкесін ба, біреуді көрдім деп мойындады да, енді тергеуге барған кезде мен ешкімді көрген жоқпын деп отыр", - деген ол он күн өтсе де қарындасын әлі хабар жоқ екенін жеткізді.

Алматыда белгісіз жігітпен кездескен 15 жастағы қыз жоғалып кетті (фото)
Алматыда белгісіз жігітпен кездескен 15 жастағы қыз жоғалып кетті (фото): UGC

"Іздеудің бәрін өзіміз ілдік... Сол күні Әйгерімнің ВК-сын бұзып кірдік. Кіріп қарасақ, оның жаңағы баламен сөйлескенін көрдік. Сөйтіп оның нөмірін сұрап алып, мән-жайды сұрастырдық. Ол бізге "саяхат жақтағы "Мерейдің" алдында таксиге мінгізіп жібердім, қазір он бес минутта үйлеріңізде болады деді.

Бәріміз үйге қайтып, Әйгерімді бір сағаттан аса уақыт күттік. Ол сол күйі үйге келмеді. Жаңағы жігітке қайта звондасақ, ол "қолына екі жүз теңге бердім де, сол жерге тастап кеттім" дейді. Ертеңінде ол баланың ағасымен де кездесіп, сөйлестік.

Ол тағы да "Мерейдің" алдына тастап кеттім деп айтты. Бізге айтқанда, өзіміз ақ алып кетер едік қой", - деген анасы бүгінгі таңда қарындасын таппай шарқ ұрып жүргенін жеткізді.

Ал қызбен танысқанын он шақты күн ғана болған жігіт тілшілермен сөйлесуден бас тартты.

Әйгерімнің туыстары Жетісу АІІБ-на арыз жазған. Бүгінгі таңда Алматы қалалық ІІД бұл істің қалай жүріп жатқанына қатысты ақпарат ұсынды.

"Қазіргі таңда Әйгерім Рысбекті аман-есен табуға бағытталған іс-шаралар Жетісу аудандық ішкі істер басқармасы мен калалық криминалды полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізуліде. Оны соңғы рет көрген куәгерлер анықталып, олармен сұрақ-жауап алу процедурасы өткізлген болатын. Сондай-ақ Айгерімнің өмір суру салты және араласу ортасы жіті талдауға алынды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басу, тарату немесе өзге мақсаттарда пайдалануға редакцияның рұқсатынсыз тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720100-almatyda-bejtanys-zigitpen-kezdesken-15-zastagy-kyz-zogalyp-ketti-foto/