Студенттерге тегін дәмхана ашқан ақтөбелік кәсіпкер көпшілікті тәнті етті
Жарияланған күні:
Ақтөбелік кәсіпкер Ербол Байжарқынов студенттерге арналған тегін мәзір әзірлеп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді деп хабарлайды esil.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жүрегі жомарт кәсіпкер студенттерге арналған дәмхана ашқан. Онда тәлімгерлерге тегін берілетін ас мәзірі де бар көрінеді. Оған сорпа, макарон мен шай, қант, нан кіреді екен. Сондай-ақ, өзге де тәттілерді студенттер ақшаға сатып ала алады екен.
«Дәмханамыз аптаның алты күнінде таңғы сағат 6-дан бастап, кешкі 5-ке дейін жұмыс жасайды. Тегін мәзірге студенттер кез келген уақытта тапсырыс бере алады. Тек өздерімен бірге студенттік билетті алса болғаны. Негізінен тамақтану орны 50-ге адамға деп шақталғанымен, мұнда күніне 1000-нан астам студент келеді деп күтіліп отыр»,-дейді кәсіпкер Ербол Байжарқынов.
Бизнесмен мұндай дәмхана ашуға не себеп болғанын да айтып берді.
«Мен мұны не үшін қолға алып отырмын? Жас буын еңбек пен ақшаның қадірін білсе екен деймін. Қандай жетістікке жетсе де өзінің шыққан жерін ұмытпаса екен деймін. Сонымен бірге, ауқатты болдым деп тойына бермей, маңайындағыларға көмектессе екен деген тілегім бар. Сол себепті осы орынды аштым. Ал, апта соңында, яғни, сенбі күні сағат 5-те өңіріміздің белгілі кәсіпкерлері жастарға табысты болудың құпияларымен бөлісетін болады. Жақын арада студенттерге арналған шаштараз ашып, кеңсе тауарларын сатпақпыз»,-деді кәсіпкер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1724041-studentterge-tegin-dmhana-askan-aktbelik-ksipker-kpsilikti-tnti-etti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.