Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жасында аяғынан айырылған спортшы қатерлі дертке қалай шалдыққан?

Опубликовано:

Қатерлі ісікке шалдығып, бір аяғынан айырылған спортшы Бақтияр Мұхамбетқалиевтің жан тебірентерлік оқиғасы жұртты жылатты. 14 жасар жасөспіріммен кездесіп жүріп, оны жүкті етіп қойған азамат қатты уайымға салынған. Нәтижесінде аяғының аздаған жарақаты қосылып, айықпас дертке душар болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақтияр Мұхамбетқалиев. Фото: sportsffa.kz
Бақтияр Мұхамбетқалиев. Фото: sportsffa.kz: UGC

Халық Бақтияр Мұхамбетқалиевті жарымжан болса да, арманынан бас тартпаған қайсар азамат ретінде таниды. Оның қатерлі дертке шалдығып, бір аяғынан айырылған спортшы екенін де жұрт жақсы біледі.

18 жастағы жап-жас жігіттің айықпас дертке қалай душар болғаны туралы журналист Азиз Жұмаділ өзінің Facebook парақшасында тарқатып жазды.

"Оның өмірі киноға сұранып тұр. Кішкентайынан футболмен айналысып, "Астананың" жастар командасымен бірге талай жарысқа қатысқан Бақтияр клубпен енді келісімшарт жасайын деп тұрғанда ауруханадан бір-ақ шығады", - деген журналист Бақтиярдың өмірін баяндаған.

Айтуынша, үлкен спортта арманы асқақ жігіт кенеттен аяғын жарақаттап алған. Алайда оны үйреншікті жағдай деп қабылдаған азамат біраз уақыт шыдап жүре беріпті. Ауруы асқынған соң дәрігерге барып көрінгенде, ақ халаттылар оның аты жаман дертке шалдыққанын анықтайды.

Сонда да берілмей, бірнеше ота жасатып көрген Бақтияр ақыры одан түк шықпайтынын түсінген. Анасымен бірге ем іздеп Германияға барғанында шетелдік дәрігерлер одан өте көп ақша сұрапты.

Амалы таусылған азамат еңсесі түсіп, елге қайтады. Осыдан кейін, 17 жастағы спортшы жігіттің күннен күнге әлі құрып, денсаулығы нашарлай береді.

Бақтиярға ауыр қасірет сыйлаған 17-ші көктем оған әке болу бақытын да бұйыртқан екен. Ол кәмелетке толмай балалы болып, оған Дінмұхамед деп ат қойған.
Бақтиярдың отбасы. Фото: sportsffa.kz
Бақтиярдың отбасы. Фото: sportsffa.kz: UGC

Осылай күн өте беріп, бір күні дәрігерлерден "аяқты кесіп тастаса, дерт бойға тарамайды" дегенді естиді. Бір жарым жылдың ішінде аурудан әбден қиналған жігіт не де болса "отаны жасатамын" деп шешкен. Ең бастысы, ол өзі жете алмаған арманға баласын жеткізуді мақсат етіпті.

Сонымен, Бақтияр дәрігерлермен келісіп, оң аяғын кестіріп тастайды. Спортшы наркозда жатқанда түсінде соңғы рет футбол көріпті.

Түсіне әлем чемпионатының финалы кіреді. Есептің қандай екенін білмесе де, соңғы минуттар екенін сезінген. Бір кезде бас бапкер Бақтиярды алмастырып, стадионға Дінмұхамед деген есімі жазылған өзінің ұлын шығарыпты.

Дәрігерлердің айтуынша, Бақтиярдың аяғындағы жарақаттың қатерлі ісікке айналып кетуі уайымның әсерінен болған.

Ол 14 жасында бір қызбен танысып, кейінірек оның аяғы ауыр болып қалады.Жас бала құпиясын ешкімге айта алмай, ішінен тынып жүре берген. Дәл сол уақытта аяғы да жараланып, жүйкеге әсер еткен көрінеді. Сонымен, арты жаман ауруға айналыпты.

"Бірақ, егер ұлым болмаса, мен баяғыда-ақ беріліп қояр едім. Өмірім үшін күреспес едім. Мені өмірге құлшындырған Дінмұхамедім", - дейді Бақтиярдың өзі.

Бүгінде Бақтияр Мұхамбетқалиев отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеуден өтіп жүр. Болашақта Параллимпиадаға қатысып, үлкен белестерді бағындыратынына сенеді.

Ал торсықтай ұл тауып берген жан жары жолдасына сүйеу болып, Бақтиярдың бар қызығы мен шыжығын бірге бөлісіп отыр.

Спортшының жан тебірентерлік оқиғасын баяндаған журналист Бақтиярды телеарнаға түсіреміз немесе басқалай көмектесеміз дегендерге алдын ала разылығын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725225-18-zasynda-aagynan-ajyrylgan-sportsy-katerli-dertke-kalaj-saldykkan/

pixel