Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Крутойлар" қаласы: Ақтау жұрты Tоyota мен Lexus көлігіне құмар болып шықты

Опубликовано:

Астана мен Алматы қалаларында болған қонақтар бағасы қымбат көліктердің сан түрін көріп, таңдай қағары сөзсіз. Ол аз десеңіз, арасынан өмірі көрмеген көлікті кездестіреріне еш күмән жоқ. Ақтауға келген адам да осы жайтты бастан кешер еді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Крутойлар" қаласы: Ақтау жұрты Tоyota мен Lexus көлігіне құмар болып шықты
"Крутойлар" қаласы: Ақтау жұрты Tоyota мен Lexus көлігіне құмар болып шықты: UGC

Теңіз жағасындағы портты қалада Астана мен Алматыдағыдай жанталас болмаса да, мұнда қайнаған өзгеше өмір бар.

Ерекше айтарлығы, маңғыстаулықтардың Tоyota мен Lexus көлігіне деген шексіз махабатын байқауға болады.

300 мыңға жуық адам тұратын Ақтаудың мөлтек аудандарының ауласында қаңтарулы тұрған Toyota Land Cruiser 200 мен Lexus LX джиптерін көптеп кездестіруге болады.
Крутой номер
Көрнекі фото: UGC

Маңғыстаулықтар шамасы жетсе осындай күші көп джип мінгенді тәуір көреді.

Крутой номер
Көрнекі фото: UGC

Ал көліктердің нөмірі көптің таңданысын тудыруы мүмкін. Мысалы, бұл жақта 001, 007, 077, 777, 999 секілді ерекше нөмірлер өте көп ұшырасады.

010, 020, 070 сияқты нөмірді әрбір төртінші көліктің тағып жүргенін Ақтауға барғандар әлдеқашан көз жеткізген болар.

362 деген нөмір таққан көлікті де жиі кездестіруге болады. Облыстағы әулиелер санын айшықтайтын нөмірдің бәсі «крутой» деген нөмірден бес елі биік тұратындай.

Айтпақшы, МАИ қызметкерлері бұл көліктерді ара-тұра тоқтатып жатады...

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727689-krutojlar-kalasy-aktau-zrty-toyota-men-lexus-kligine-kmar-bolyp-sykty/

pixel