Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының жаңа бас имамы құран жаттаған адамға көлік сыйламақшы (фото)

Опубликовано:

Жақында Алматы облысының бас имамы болып тағайындалған Еркінбек Шоқай кеше журналистердің басын біріктіріп, бірнеше мәселелерді талқыға салды. Өкіл имам ұйымдастырған жиынға NUR.KZ тілшісі арнайы барып қайтты.

Алматының жаңа бас имамы журналистерді жинап алып ескерту жасады (фото)
Алматының жаңа бас имамы журналистерді жинап алып ескерту жасады (фото): UGC

Жиын барысында дін мен БАҚ арасындағы бірнеше мәселелер көтерілді. Бас имамның айтуынша, кейбір баспасөз өкілдері дін немесе мешіт қызметкерлеріне қатысты анық емес ақпарат таратуды тоқтату керек.

«Кез келген дінге немемсе иамадарға қатысты жаңалықты шығармас бұрын, бізге тікелей хабарласып, біздің де пікірімізді білгендеріңіз дұрыс. Себебі, сіздер арқылы халық арасында біз туралы түсінік қалыптасады», - деді Еркінбек Шоқай.

Сонымен қатар, өкіл имам жақында өзі қолға алған жаңа жоба туралы айтты. Ол елімізде соңғы үш жыл бойы болмаған, республикалық жетінші Құран жаттау жарысын өткізбекші.

«Қазір бүкіл Қазақстан бойынша іріктеу кезеңі өтіп жатыр, бұйыртса 25 сәуір күні ақтық сынды өткізуді жоспарлап отырмыз», - деп сөзін жалғастырды жаңа өкіл имам.

Айта кетейік, бұл жылы Құранды толығымен жаттап, бас жүлде алған қариға автокөлік берілмекші.

Құранды толығымен жаттаудың үлкен еңбек екенін атап өткен бас имам «Осы жылы арнайы көлік қойып оытрмыз, себебі қарапайым айтыскерлердің өзі де қос-қостан көлік мініп жатады, оның қасында Құран жаттау үлкен еңбек», - деді.
Алматының жаңа бас имамы журналистерді жинап алып ескерту жасады (фото)
Алматының жаңа бас имамы журналистерді жинап алып ескерту жасады (фото): UGC

Еркінбек Шоқай басшылыққа келгелі бері бірнеше жұмысты қолға алғанын айтты. Айта кетейік жаңа имамның бастамасымен қазір барлық мешіттерде жұмыс күндері уағыз орнына кешкілік дәрістер өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727838-almaty-oblysyny-zaa-bas-imamy-kran-zattagan-adamga-klik-syjlamaksy-foto/

pixel