Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қаланың қақ ортасындағы зәулім үйді елес кезіп жүргені рас па? (фото)

Опубликовано:

Шымкентте қаланың қақ ортасында бой көтерген зәулім үй осымен бірнеше жыл қатарынан қаңырап бос тұрған көрінеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл үйге адам да, күзетші де тоқтамайды екен. Себебі үйден түн ауа түрлі дыбыстар шығып, елес кезетін көрінеді деп хабарлайды el.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: el.kz
Фото: el.kz: UGC

Басылымның мәліметінше, Дулати-Мәделі қожа көшелерінің қиылысында орналасқан бұл үйдің қаңырап бос тұрғанына талай жылдың жүзі болыпты.

Фото: el.kz
Фото: el.kz: UGC

Тұрғындардың айтуынша, бұл үйге адам тұрақтамайтын көрінеді. Тіпті, күзетшілердің өзі алып котеджді күзетуден бас тартыпты. Айтуларынша түн ауа үйден екен.

Фото: el.kz
Фото: el.kz: UGC
"Осы жерде күзетте жұмыс істеді бір танысым. Түнде әйелдердің дауысы шығады екен, жын қағып кетермін деп, зытты. Содан кейін күзетші тұрақтамай қойды", - деп ағынан жарылды қала тұрғындарының бірі.

Ал енді бірі үйден кішкентай сәбидің жылаған дауысы естіледі дейді.

"Түн ауа кішкентай бала шыңғырып жылайды. Сосын оны жұбатқан әйелдің дауысы шығады. Оңай емес", - дейді қала тұрғындары.

Шымкенттіктер сондай-ақ үйде елес барын да алға тартқан.

"Сағат екіде басталады бәрі. Бөлменің ортасында адамның елесі пайда болады екен. Бірде әйел, бірде еркек, бірде жас бала", "Түн ауа түкпірде отырған кішкентай баланың елесі шығатын көрінеді", "Үйде ешкім тұрмаса да, әлдекім түнде терезені жауып алып, ертеңіне ашып қояды", "Есіктер өзінен өзі ашылып-жабылып жатады", -деп пікір білдірген олар.

Үй қабырғасына салынған таңбалар да түсініксіз. Басылым мамандары оны шайтан шіркеуінің таңбасына ұқсатыпты.

Фото: el.kz
Фото: el.kz: UGC

Бір қызығы, үй екі банкке кепілдікке қойылып, оның кімге тиесілі екені бүгінге дейін анықталмапты.

Фото: el.kz
Фото: el.kz: UGC

Десе де зәулім үйде елестің бар-жоғы күні бүгінге дейін белгісіз болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728898-symkentte-kalany-kak-ortasyndagy-zulim-jdi-eles-kezip-zrgeni-ras-pa-foto/

pixel