Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сымпиып бос қайттық: Жезқазғанға тойға барған тұрғын өңірдегі "құдалық" туралы айтып берді

Опубликовано:

Семейлік тұрғын Жезқазғанға құдалыққа барып, ол жақтан кәде-сыйсыз құр алақан қайтқанын айтып берді. Айтуларынша еліміздің орталығында жігіт жақ киіт бергенімен, қыз тарапы құдаларға тарту-таралғы жасамайтын көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Семейлік Айнаш апай (авт. есімі автордың өтінішімен өзгертілді) туған ағасының ұлы үйленіп, еліміздің орталығына – Жезқазған жаққа тойға барғанын айтып берді. Көп балалы ананың айтуынша, шығыстықтар қыз алып отырғандықтан, құдалары мен туған-туыстарына түгелдей киіт алып барған екен.

"Қызға сырға салып, оны келін етіп түсіріп отырған біздің тарап. Сондықтан құдалар берген тізіммен бәріне сыйлық алып, киіт жасадық. Барлығы 18 адам болған, біреуін де құр алақан қалдырмадық десек болады. Ер адамдарға жағалы киім, әйелдерге алтын табыстадық", - деп ағынан жарылды тұрғын.

Әңгіме барысында ол құдалар барынша құрмет көрсеткенімен, қолдарына бірде-бір сый бермегенін айтып қалды.

"Құдалық болған соң неше түрлі дүние болады ғой. Бұрын біз жақта киітті тек жігіт жақ қана беретін. Қазір қарап отырсам, қаражат-қауқары бар отбасылар құдаларды құр жібермейін деп, шамаларынша тарту-таралғы жасап жатады. Қызық болса да айтайын, біз де солай дәмеленген едік. Бірақ қолымызға түк ұстатпады.
Жезқазған жақта солай екен, құдаларды күтеді, көңілінен шығуға тырысады, бірақ жігіттің туыстарына сыйлық дегенді мүлде бермейді екен. Өзіміз қызық болып қалдық. Осылай неше қап киітпен барып, өзіміз сымпиып бос қайттық. Тым болмаса арамыздағы үлкендерге сый-сыяпат жасай ма деп едік? Оған қайдам? Қыз алып отырмыз, бәріне көндік», - деп күлді тұрғын.

Сөз соңында ол "түк бермесе де ренішіміз жоқ, бастысы балалар бақытты болса болғаны" деген ниетін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731245-sympiyp-bos-kajttyk-zezkazganga-tojga-bargan-trgyn-irdegi-kdalyk-turaly-ajtyp-berdi/

pixel