Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіме іні сыйладым: Қайын атасына ғашық болған әйел одан бала туып алған

Опубликовано:

23 жасында шынайы махаббатымды таптым деп тұрмысқа шыққан бойжеткен ойының қате болғанын біраз уақыт өткен соң білген. Бала көтере алмағандықтан күйеуімен арада орын алған келіспеушіліктер келін мен қайын атасын қатты жақындастыра түскен деп хабарлайды mamamobil.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: MamaMobil.ru
Фото: MamaMobil.ru: UGC

Өмірлік серігімді таптым деп тұрмысқа шыққан бойжеткен өзінің таңдауында қателескенін отбасылы өмірдің алғашқы жылы-ақ түсінеді. Екі жарым жыл бойы бала көтере алмай жүрген ол отағасы тарапынан үнемі жағымсыз сөздер естіп жүрген.

Алайда отбасылық келеңсіздіктерге қарамастан, келіншек қайын ата-енесімен қарым-қатынасы жылы болғанын айтты. Өйткені үнемі жұмысбасты болып жүрген әжесінен ол мұндай мейірім көрмеген.

Үйлену тойынан кейінгі төрт жыл жас келін үшін күйеуінің айыптауларымен өтіпті. Ер адам жұбайын бала көтере алмағаны үшін кінәлай берген.

Осы ауыр жағдай ерлі-зайыптылар арасын мүлдем суытып жіберіп, сондай-ақ, жаңа қарым-қатынастың басталуына түрткі болады. Қиын жағдайға тап болған әйелді өз қайын атасы жұбатып, қолдау көрсеткен.

Бастапқыда сыйластық ретінде болған сезімдер бірте-бірте үлкен махаббатқа ұласыпты. Келіншек өзіне шын мәнінде керек адамды кездестіргеніне нық сенімді болған.

Қайын атасы мен келіннің ара-қатынасы екеуі үшін де аса қажетті уақытта орын алған. Бірі бала жоқтығынан күйеуімен ажырасып тынса, екіншісі әйелін қара жерге тапсырып қош айтысқан кез болды. Екі туысқан да қолдаушы адамға мұқтаж еді.

Күйеуінен ажырасқан әйел бірден "нағыз сүйіктісімен" бір шаңырақ астына тұра бастап, одан балалы болып та үлгереді. Өзінің бұрынғы күйеуіне іні сыйлаған ол бұл жағдайдың шынымен де қызық болып шыққанын растады.

"Көбі қызық көргенімен, бұл тағдырдың сыйы болды. Бұрынғы күйеуіммен болған бақытсыз өмірге өкпем жоқ. Өйткені соның арқасында мен өмірлік махаббатыма жолықтым, сенімді серігіммен табыстым. Сүйікті адамымнан бала сүйдім, одан басқа не бақыт керек?", - деп айтты келіншек.

Інілі болғанын білген ер адам бұрынғы әйелі мен әкесінің әрекетін ту сыртынан болған сатқындық пен сорақы опасыздыққа теңеген. Ол бүгінгі күні екі жақын адамымен де байланыс үзген, інісін тіпті көргісі жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731698-kjeuime-ini-syjladym-kajyn-atasyna-gasyk-bolgan-jel-odan-bala-tuyp-algan/

pixel