jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
АЖ
Айжан Жолдасбаева
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте полицейлер алып кеткен азамат із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

: UGC

Полицейлер алып кеткен шымкенттік азамат жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Ал Айдос Қасымбекті туыстары оны соңғы рет 12 мамыр күні полицелер алып кеткенін айтуда деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Айдос Қасымбек
Айдос Қасымбек: UGC

Із-түзсіз жоғалып кеткен азаматты Түлкібас аудандық учаскелік полицейлері Маханов Алмас және Ерментай Бауыржан 12 мамыр күні қызметтік көліктеріне салып әкеткен. Осыдан кейін Айдос Қасымбек үйіне қайтып оралмаған.

Кейінірек белгілі болғандай, ер адамды полицейлер Шымкент қаласындағы айықтыру орталығына жеткізген. Ең сорақысы, полицейлер оны күштеп әкетіп, қалаға апарар жолда арақ алып берген дейді туыстары.

"Айдос Қасымбекті полицейлер дүкеннің алдында еш себепсіз алып кеткен. Көліктің ішінде белгісіз құжаттарға қол қойғызған.

Полицейлерге көрсеткіш керек болып, оларды ішкізген. Хабарсыз кеткен қайын ағамның қасында сол кезде тағы бір азамат болған. Сол кісі полицейлердің жолда тоқтап, арақ алып бергенін мәлімдеді", - дейді жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен азаматтың туысы Жайна Ибрагимова.

Жайнаның бұл сөздерін растайтын куәгерлер де бар екен. Із-түссіз жоғалып кеткен Айдос Қасымбековпен бірге айықтырғыш орталығына жеткізілген Айдар Қайырбаев полицейлердің өзі арақ алып беріп, жол-жөнекей ішкізгенін айтып отыр.

Алайда облыстық Ішкі істер департаментіндегілер полицейлердің бұл қылығын растамады. Керісінше, жоғалған азаматтың үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, қоғамдық орында алкагольді ішімдік ішкені үшін айықтандыру орталығына жеткізілгенін хабарлады.

Шымкентте полицейлер алып кеткен азамат із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.