Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жер үйдің тұрғындары нәжіс исіне тұншығып отыр

Опубликовано:

Астанада әжетханадан шыққан кір су мен қалдықты қайда жіберерлерін білмей отырған жер үй тұрғындары нәжіс иісіне тұншығып жатқандарын айтып, шағымданды деп хабарлайды КТК арнасы.

Астана тұрғындары. КТК арнасынан скриншот
Астана тұрғындары. КТК арнасынан скриншот: UGC

Әр шаңырақтың жеке септигі болғанымен, дәретханаға арналған құдық үш күнде толып қалады екен. Оны тазалау - шығын. Ал тұрғындардың талабына әкімдік құлақ асар емес.

Бұл көшеде беті ашық жатқан септик көп. Ал балалар осы жолмен күнде мектепке қатынайды. Жаяу жүргінші кез келген уақытта құдыққа құлап кетуі әбден мүмкін.

"Мынаның астының бәрі нәжіс. Ертең уланамыз жаман суға", - дейді Астана қаласының тұрғыны Серғалы Шарбеков.

Елорданың қақ ортасында тұрған жер үйлердің ешқайсы орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Әркім жеке көлік жалдап өз қалдығын өзі шығару керек.

Ал әжетханаға арналған құдықтар үш күн сайын толып қалады екен.

"Төрт күнде 5 мың теңге төлеймін бір камазға. Су сорғыштар көше-көшені бөліп алған. 5 мыңға келеді, келмесе, бұрылып кетеді. Әйтпесе, көшеге шығып кетеді", - дейді тұрғын Әбдіхалық Қайрақбаев.

Сырымбет көшесінің тұрғындары он жылдан бері орталық кәріз жүйесіне жете алмай келеді. Жақында жолды жөндеу жұмыстары басталған. Жол салынып жатыр.

Жұрт әкімдік асфальтпен қатар жерасты құбырын тартып берер деп қуанған. Алайда көптің үміті ақталмады.

Шенеуніктер жер үйлерді қалалық кәріз жүйесіне қосуға мүлде рұқсат бермей отыр. Егер кімде-кім өз бетінше әрекет етсе, айыппұл төлейді.

"Ұят қой бұл, Астанада отырып. Канализация болмайды деп жауап қайтарды. Неге болмайды? Онда неге үй салуға берді?", - деп күйінді Астана қаласының тұрғыны Орынбасар Жанғазинова.

Бір қызығы, бұл баспаналардың орталық кәріз жүйесіне еш қатысы жоқ болса да, тұрғындар ай сайын ақы төлейді. Әжетханадан әбден қысылған жұрт әкімдікке талай рет хат жазған, бірақ, жауап жоқ.

Шенуніктерді іздеп барған тілшілерге Алматы аудандық әкімдігінен сұқбат беретін адам табылмады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734283-astanada-zer-jdi-trgyndary-nzis-isine-tnsygyp-otyr/

pixel