Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қосыла алмай кеткен Естай мен Хорлан ұрпағы бірін-бірі Астанадан тапты (фото)

Опубликовано:

Астанада бір редакцияда жұмыс істеп жүрген жас қыз бен жігіт ата-тегін білісе келе, бір-бірінің аты аңызға айналған қос ғашықтың ұрпағы екенін білген. Естай мен Хорлан қосыла алмағандықтан, олардың ұрпағы ата-әжесінің арманын орындауға дайын ба? Бұл сұраққа Фархат Амренов өзінің facebook парақшасында ашық жауап берген деп жазады NUR.KZ

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Өз бабасының махаббат тарихын мақтан ететін журналист азамат Қорланның немересі Динараны қалай кездестіргенін тәтпіштеп жазған. Жастар бір редакцияда жұмыс істеп жүрсе де, біраз уақытқа дейін ата-әжесінің кім болғанын білмей келіпті.

"Сәрсенбі күні Динара екеуіміз Қазақстан-Словения бизнес форумына бардық. Шарадан соң өзіміз оқыған университет, оқытушылар туралы әңгімелестік. Қай жерден екенін, руын сұрадым.

Руы Қыпшақ екенін, туған жері Ресейдің Славгород қаласы екенін айтты. Осы қаланың аумағында «Куатовка» деген ауыл бар екен. Ата-бабалары сол жерден. Ауылдың негізін қалаған да Динараның аталары екен", - деген ол, әрмен қарай Динарамен әңгімесі үзіліп қалғанын айтты.

Кейінрек ол «Хорлан сұлудың ұрпақтары» деген жазбаны оқып жатып, «Село Куатовка» туралы баяндалғанын көреді.

"Содан «Дәл осы «Село Куатовка» туралы қайдан естідім» деп ойға баттым... Есіме Динара түсті. Оның да ата-бабалары «Куатовка» ауылынан екені, фамилиясы да Қуатова екені ойға оралды. Орнымнан атып тұрып, қарсыдағы кабинетке кіріп бардым", - дейді азамат.

Осылайша жігіт Хорланның немересінен мән-жайды сұрай келе, тарлан тарихтың қойнына қалған хикаяны қайта көтереді.

"Осы кезде кабинетте отырған өзге қыздар қызығушылық танытып, мен оларға Естай мен Хорлан хикаясын баяндап бердім. Динара бұл туралы еске алғысы келмейтінін, өзінің атасы мен әжесін Естайдан қызғанатынын айтты. Әрине, мұның моральдық тұрғыдан қиын екенін түсінемін", - деп жазған азамат.

Бойжеткеннің қайта-қайта қызарақтап, Фархат айтқан сөздерден қысылғанына қарамастан, жігіт "сүйек жаңғыртуды" қос қолдап қолдайтынын ашып айтқан.

Енді Астананың төрінде бірге жүрген аңыз ғашық ұрпақтары жолдарының тоғысуын Құдайдың қалауы деп отыр.

Атасының қолы жетпей кеткен Хорланның ұрпағынан қыз алып, тарихта есімін қалдырғысы келетін азамат келешек күнінің жарқын болатынына үміт еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736547-kosyla-almaj-ketken-estaj-men-horlan-rpagy-birin-biri-astanadan-tapty-foto/

pixel