Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналықтар шырайлы шымкенттіктер өткізген көрмеге лек-легімен ағылды

Жарияланған күні:

Астанада қаланың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған мәдени шаралар легі толастар емес. Солардың бірі кеше елорданың "Конгрес холл" кешенінде, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен аймақ қолөнершілерінің көрмесі болды. Сондай-ақ өңір өнерпаздары бас шаһар тұрғындарына естен кетпес концерт сыйлап, Астанадағы жерлестерін бір қуантты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Конгресс холға" жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Олардың денін шаһардағы шымкенттіктер құрады.

Фото: Өңірдің баспасөз қызметі
Фото: Өңірдің баспасөз қызметі: UGC

Қала тұрғындары әсіресе өңір қолөнершілерінің қылқаламынан туған мынадай теңдессіз суреттер мен фототуындыларға таң қалып жатты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сондай-ақ, олар көрме қонақтарының назарына аймақта "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында түсірілген көркем, анимациялық және деректі фильмдер топтамасы ұсынылды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Көзі қарақты көрермен сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан ақын-жазушылар мен қаламгерлердің су жаңа кітаптарымен танысты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ал облыстық өлкетану музейі қорындағы ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдар астаналықтарды тіптен таңғалдырды. Бір қызығы ақ күмістен құйылған білезіктер салпыншақ сырғалармен бірге, қыздың бұрымына көрік беретін мынадай шолпылар да болды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сонымен бірге астаналықтарға елбасының "100 жаңа есім" бағдарламасы бойынша жеңіске жеткен өңір азаматтары жайлы да ақпарат ұсынылды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Көрме соңы естен кетпес концертке ұласты. Онда өңір өнерпаздары мың бұрала билеп, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен дәстүрлі әндерді шырқады. Сонымен бірге облыс әншілері атақты сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндерін тамылжыта орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Шыны керек жерлестерімізді көріп қуанып қалдық. Әсіресе бейнелеу өнері шеберлерінің суреттері көздің жауын алады. Әрине егер осындай шаралар көбірек ұйымдастырылып тұрса, міндетті түрде келіп тұрамыз", - дейді көрме қонақтары.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кетейік, айтулы елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738096-astanalyktar-syrajly-symkenttikter-tkizgen-krmege-lek-legimen-agyldy/