Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті әйелдердің толғағын дұғамен қалай жеңілдетуге болады?

Опубликовано:

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тұрғыны Хамит Қыдырбайұлы мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Жүкті әйелдерге жаны ашыған ер адам қайғылы жағдайларға тап болмас үшін оларға дұға оқуға кеңес берді деп хабарлайды Zamana.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Сурет: Zamana.kz/MedAboutMe
Коллаж: NUR.KZ. Сурет: Zamana.kz/MedAboutMe: UGC
"Таяуда Астанада бір жас әйелдің босану үстінде қайтыс болғаны туралы жарияланды. Соны естігенде жүрегім ауырды. Өкінішке орай, мұндай қайғылы жағдайлар кей-кейде орын алып тұрады ғой, оның түрлі себептері де болуы мүмкін. Осындайда жанында жөн білетін адам болып, жан-жүрегімен Құдайға жалбарына дұға етіп тұрғанда марқұм аман қалар ма еді деп өкіне ойлаймын. Өйткені Құранда бұған қатысты оқылатын арнайы аяттар бар екенін бі­лемін", - дейді Хамит.

Ер адамның айтуынша, ол жиырма жылдай белгісіз аурумен науқастанып, адамдарды өзі емдей бастаған соң дертінен айығыпты. Хамит содан бері емшілікпен айналысып келетін көрінеді. Негізгі кәсібі болмаса да, адамдардан көмегін аямайды екен.

"Мен өзімдегі қасиеттің анық сырының неден екенін білмей­мін. Мүмкін қолымда биоөріс бар шығар, әйтеуір, алдыма келген адамның сырқат сырын қолыммен сезінемін. Жол ашатыным бар, жолын аш­қызғысы келген қыздар да маған оқытылып тұрады", - деді емші.

Емші қиналып, дертіне шипа іздеген жандарға Аллаға жалбарынып, дұға тілеуге кеңес берді.

"Кім де болса Құранның дертке дауа болатынын естен шығармасыншы. Адамның жаны қысылған кезде оқылатын аяттар бар, соны оқу керек. Жанашыр адам жан-дүниесімен беріле Алладан шипасын сұраса, иншалла, шипасын береді. Әйел толғатып жатқанда, науқас реанимацияға түскенде Алладан медет сұрап, жалбарыну керек", - деп қорытындылады өз сөзін Хамит.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742047-zkti-jelderdi-tolgagyn-dgamen-kalaj-zeildetuge-bolady/

pixel