Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы 23 млн теңгенің тиінін студенттер тегін жасап жасап шықты (фото)

Жарияланған күні:

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы 23 млн теңгелік атышулы тиіннің көшірмесін айнытпай жасап шыққан студенттер туралы ақпарат тарауда. Желіде тараған видеода студенттер құны 23 млн теңгеге тең алматылық тиіннің "сыңарын" жасап шыққаны айтылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Желіде елді шулатқан алматылық "тиінді" жасап алған ауыл тұрғындары тәнті етті
Желіде елді шулатқан алматылық "тиінді" жасап алған ауыл тұрғындары тәнті етті: UGC

Желі қолданушылары аталған ақпаратты қызу талқыға салып жатыр. Бірі таралып кеткен суреттердің "фейк" екенін айтса, екіншілері бұл суреттің шынайылығына сенуде.

Бұдан бөлек, тиінді жасап шыққан студенттердің видеосы да таралуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында студенттер түсірген видеоны жүктеп қойды.

"Тиін Қаскелеңдегі агропаркке орнатылды. Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің студенттерінің бастамасына Қазақ егіншілік институты қолдау білдірді. Шикізат та табыла кетті", - деп жазды ол.

Еске салсақ, жуырда Алматыдағы Атакент көрмесінің алдында бой көтерген 13 метрлік алып тиіннің мүсіні елдің талқысына түскен болатын. Тиінді құрастырып шыққан британдық суретші оны жасауға 23 млн қаражат кеткенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742754-almatydagy-23-mln-tegeni-tiinin-studentter-tegin-zasap-zasap-sykty-foto/