Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Тенді жоқтаған қазақ ақыны елді жылатты

Опубликовано:

Елімізді әлемге танытқан спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен күні кеше кісі қолынан қаза тапқан болатын. Көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адам Денситің аяғынан жаралап кеткен. Үш литрдей қан жоғалтқан 25 жастағы жігіт аурухана төсегінде қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тен. Фото: vesti.kz
Денис Тен. Фото: vesti.kz: UGC

Апталдай азаматынан айырылған ел қайғыдан қан жұтуда. Ал Денистің шетелдік достары орны толмас қазаға көңіл айтып жатыр.

Елімізге танымал ақын Серік Сейтменнің Денис Тенге арналған жоқтауын естіген көпшілік көз жасныа ерік берді.

"Тағдырыңды таңып берген пышаққа

Сенің жұртың шынымен де ұсақ па?!

Мұз үстінде ойнақтаған құлыншақ,

Қинадың-ау!

Сыймадың-ау құшаққа", - деген ақын жолдары жұртты жылатпай қоймады.

"Жаның жәй тапсын, Денис", "Жүрегіміз аурыпы, қабырғамыз қайысып отыр. Жас кетті ғой", "25 жасында кісі қолынан қаза тапты", "Қаскөйлер табылып, жазаланса екен" деп пікір жазды білдей бір азаматынан айырылған қазақстандықтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743188-denis-tendi-zoktagan-kazak-akyny-eldi-zylatty/

pixel