Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қытайға қош келдіңіз": ШҚО-ға барғанда телефонға келген хабарлама жаға ұстатты

Жарияланған күні:

Астанадан Шығыс Қазақстанға іссапармен барған қала тұрғыны телефонына келіп түскен хабарламаны көріп, таң қалған. Айтуынша, хабарламадан "Қытайға қош келдіңіз" деген жазбаны анық көруге болады екен. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Астанадан Шығыс Қазақстанға іссапарға аттанған Айдар есімді тұрғын (авт. аты-жөні өзгертілді) телефонына келіп түскен "ерекше" хабарламамен бөлісті. Онда "Қытайға қош келдіңіз" деген жазбаны анық байғауға болады.

"Негізі бұрындары ұшақпен осы өңірге іссапармен жиі баратынмын, сол кезде көп байқамайтынмын. Бірақ осы жолы көлікпен баруға тура келді. ШҚО Аягөз ауданынан асып, Ақтоғай жаққа қарай бет алғанда, телефоныма хабарлама келіп түсті. Қарасам, мынадай "Қытай еліне қош келдіңіз" жазба тұр. Таң қалғаным соншалық, не күлерімді, не жыларымды білмедім. Неге біздің елдің аумағында мұндай хабарлама келеді? Әлде бұл жай ғана техникалық ақаулардың салдары ма? Не болса да, өз еліңде осындай хабарламалардың таралып жатқанына алаңдайды екенсің. Былай қарасаңыз, Қытай қайда жатыр? Аягөз бен Ақтоғай қайда жатыр?",-деді таң қалған тұрғын.

Сонымен бірге, ол Шығыс Қазақстан аумағына кіре бергенде "China Mobile" деген ұялы байланыстың да пайда болатынын айтты.

"Телефонымның қуаты таусылып, скриншот жасай алмадым. Бірақ, мына жерде біздің байланыс операторының орнына "China Mobile" деген жазбаны да көрдім. Жергілікті халықтан сұрасам, бұл қалыпты жағдай, етіміз үйреніп кеткен дейді. Айтпақшы, жол бойы түрлі қытай компанияларын да көрдім. Ешқайсысында не қазақша, не орысша жазба жоқ. Бәрі тек қытай тіліндегі ақпарат, не жазып қойғандары түсініксіз. Әрине, ел арасына іріткі салғым келмейді, бірақ біраз уақыттан кейін, Шығысқа барсақ, Қытайға барғандай әсер алмасақ болды әйтеуір",-деді елордалық тұрғын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745403-kytajga-kos-keldiiz-sko-ga-barganda-telefonga-kelgen-habarlama-zaga-statty/