Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байлар үшін жасалған: Алакөл жағасындағы ерекше "орын" демалушыларды таңырқатты

Опубликовано:

ШҚО-дағы атақты Алакөл жағажайындағы "ерекше орын" көпшілікті таң қалдырды. Көл жағасындағы киініп-шешінуге арналған орынды демалушылар бай-бағландарға арналған дейді. Себебі, әлгіндей орынға кіріп-шығудың өзі 100 теңгені құрайды екен. Ел тұрғындарының айтуынша, көл жағасын "болмашы дүниелермен" толтыра берген жергілікті билік, алдымен "әжетхана" мәселесін шешулері тиіс еді дейді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Turkystan.kz
Көрнекі фото: Turkystan.kz: UGC

Алакөлге осымен бірнеше жыл қатарынан демалуға барған Әсет Бекбаев туристік орынның соңғы жарты жылда адам танымастай өзгергенін айтып, таң қалды. Қарағандыдан сонау шығысқа ат терлетіп барған оған, ең алдымен көлдің шипалы суы мен балшығы ұнады дейді.

"Жаз шыға салысымен Алакөлге келуді әдетке айналдырғанмын. Суы да, батпағы да денсаулыққа өте пайдалы. Биылғы жағажайды көріп, тіптен таң қалдым. Орталық алаң өзгеріп, көл маңының бәрі жайнап шыға келіпті. Айтайын дегенім, жағажайда мынадай ширмаларды қойып қойған. Алғашында барлығымыз оны дәретхана деп ойлаған едік. Соңында киім ауыстыратын орын екенін біліп, таң қалдық. Кіріп-шығуының өзі 100 теңге дейді.

Бұл тек бір ретке арналған бағасы ғана. Бұл көл болғандықтан, жағажайда орын болмайтындықтан, суға түсем деушілердің бәрі киімдерін ауыстырып, купальниктерін өздері-ақ киіп келеді. Сонда әлгіндей ширмалардың не керегі бар? Онсыз да адам лық толы жағажайды құдай текке орын алып тұр емес пе? Бірақ соған кіріп-шығып жүрген адамдарды да көрдім. Шамасы бай-бағландар-ау деп болжадым. Дөңкитіп ширмалар салғанша, әжетхана мәселесін неге шешпейді екен? Ол адамдарға әлдеқайда қажет дүние ғой?", - дейді ел тұрғыны.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сонымен бірге, ер-азамат мұндағы халықтың кез-келген дүниеден ақша жасайтындарын айтты.

"Әжетханаға кіріп-шығу 50 теңге. Қымыздың бір литры 1200 теңге. Бір бәліш – 100 теңге. Сол сияқты айта берсек толып жатыр. Әрине, халықтың табыс көзіне сөз келтіріп отырған жоқпын, бірақ осындағыны бағаны, жағажайда бәліш, балық сатушыларды тексеріп отырған жан бар ма екен? Бір жағынан бұл да туризмнің дамыған түрі шығар, ал екінші жағынан осылай үш айдың ішінде халықтың қалтасын қағып қаламын деушілерге жол ашатын кәсіп сияқты. Жергілікті билік осыны да қадағаласа екен дейміз", - деп сөзін аяқтады тұрғын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746387-bajlar-sin-zasalgan-alakl-zagasyndagy-erekse-oryn-demalusylardy-tayrkatty/

pixel