Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда елдің зәресін алған құпияға толы қорқынышты мекендерді білесіз бе?

Опубликовано:

Жантүршігерлік қорқынышты аңыздарды Алматы тұрғындары да естіп жүреді. Халық көбіне елес кезген үрейлі ғимараттар туралы айтады. Ал қаладағы осындай адам шошырлық бес орын туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: ВКонтакте, YESASIA, Pikabu, x-travels.ru, tripadvisor.ru
Фото: ВКонтакте, YESASIA, Pikabu, x-travels.ru, tripadvisor.ru: UGC

Қаладағы ерекше қорқынышты орындардың алғашқысы - "Медеудегі" қаңырап тұрған зәулім үй.

Жұрттың айтуынша, бұл шаңырақта бір жанұя өлтіріліп, енді олардың рухтары тыныш таппай жатыр екен.

Ал басқа мәлімет бойынша, бұл соғылмай қалған мейрамхана. Құрылыс жұмыстары адамдар көмілген жерде болғандықтан, мұнда құрылысшылармен түсініксіз жағдайлар орын алған екен.

Сол үйде түнегендердің айтуынша, олар елестерді көріп, түрлі дауыстар естіген. Тіпті, олар адамдарды тұншықтырған екен.

Нәтижесінде, жұмысшылар қатты жарақат алып, кетуге мәжбүр болыпты.

Фото: ВКонтакте
Фото: ВКонтакте: UGC

Банкті кезіп жүрген елес қыз

Алматы қаласындағы Сейфуллин мен Шевченко көшелерінің қиылысында орналасқан коммерциялық банктің ішінде 10 жыл бойы адасқан қыздың елесі жүрген екен.

Бұл туралы күзетшілер хабарлапты. Кейде ғимарат ішінде қадамдар естіліп, лифт жоғары-төмен жүреді екен. Жарық өшіп қалатын кездер де болыпты.

Банк қызметкерлері бұл орында азаппен өлтірілген қыз жерленген болуы мүмкін деп ойлаған. Олар банкке дін өкілдерін әкелгенде, бұл құбылыс жоғалып кетіпті.

Дәл осы жағдай Желтоқсан-Қазыбек би көшелерінің қиылысындағы дүкенде тіркелген. Түнде жүретін қара шашты елесті бейнекамерадан да байқауға болады.

Фото: YESASIA
Фото: YESASIA: UGC

Ескі аурухана

Халық "Тау- Самал" ықшам ауданындағы ауруханада да аруақтың жүргенін айтады. 1967 жылы салынған ғимаратта Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлері емделген. Қазір мұнда әскери киім киген елесті байқауға болады екен.

Фото: Pikabu
Фото: Pikabu: UGC

Жапон түрмесі

Алматының "Гэс-2" ауданында орналасқан бұрынғы жапон түрмесінен де әскерилердің елестері көрінеді. Кейбіреулер лагерьдің астында әлі де белгісіз лаборотория жұмыс істеп тұруы мүмкін дейді.

Фото: x-travels.ru
Фото: x-travels.ru: UGC

Сүйектегі үйлер

Қалада бейіттердегі елестер туралы да әңгіме көп өрбиді. Райымбек-Рысқұлов көшесінің бойында да елестер көп жүргендей болып, жол апаттары көп орын алады. Ал халық арасында "Ремизовка" аталып кеткен бейітте түнде елес дұға оқып отырады екен. Оған жақындаған адам күйіп кетеді дейді.

Фото: tripadvisor.ru
Фото: tripadvisor.ru: UGC

Халық арасында "сүйектен тұрғызылған" орындарға орталық мұражай мен кітапхананы жатқызуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746575-almatyda-eldi-zresin-algan-kpiaga-toly-korkynysty-mekenderdi-bilesiz-be/

pixel