jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті

: UGC

Қарбалас өмірде қажетімізге қолданып жүрген қоғамдық көліктер бүгінде сәт сайын өзінің жаңа табыстарымен бөлісуде. Елорда да «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Smart City» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Астана LRT» компаниясы аянбай еңбек етіп келеді. Компания алпауыт мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып бас қаладағы көлік инфоқұрылымын дамытуда десек қателеспейтініміз анық. Автобустарға арналған арнайы жолақтар, аялдамалардағы жылы павильондар, call-орталықтар, мектеп автобустары, транспорттық бақылау қызметі, жол ақысын электронды төлеу жүйесі осы және өзге де «Астана LRT» компаниясының жобаларымен фоторепортажда таныса отырыңыз.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

Астана LRT-ның жұмыс барысы мен жаңаша жүйелерін бізге Көлік мамандарының біліктілік орталығы директоры Жалбыр Жеңіс Қуандықұлы баяндап берді.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

Транспорт кешенінің дамуы қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы ортаны қалыптастыруға арналған. Қала бойынша мобильділіктің артуы Еуропа және АҚШ қалаларының тәжірибесін ескіріп жасалған жаңа интеллектуалды транспорттық жүйенің ортасы осы жерде. Технологияларды тәжірибеден өткізу кезінде біздің қоршаған ортамыздың – Астананың құбылмалы климатына бейімдеу аса маңызды.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

«Бұл жерде Астананың көрінісі алақандағыдай», – дейді Астана LRT Көлік мамандарының біліктілік орталығының директоры Жалбыр Жеңіс Қуандықұлы – Қала бойынша орнатылған 39 камера кең ауқымды көрініс көрсетеді. Камералар 32 есе арттырып, адамның бет әлпетін анық көруге мүмкіндік береді. Мұнан өзге 2006 жылдары қондырылып, жұмыс жасап тұрған камералар да бар. Олар сапа жағынан әрине төмендеу, алайда барлық талаптарға сай. Уақыт бір орында тұрмайды оларды жаңарту ойымызда бар. Заманауи камералар -50 және +50 температурада да қалыпты жұмысын жалғастырады. Тіпті осы тұрғыдан басқа елдерден келген әріптестеріміз біздің тәжірибемізді өз елдерінде енгізуде».

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

Қаламыздың басым бөлігі зияткерлік жүйемен жабдықталған. Ол жүйе бойынша бағдаршамдар бір-бірімен өзінің есептегіш құрылғылары арқылы байланысып тұрады. Қай көшеде қандай қарқынмен канша көлік өтіп жатқанын бағдаршамдар бір-бірімен автоматты түрде байланысу арқылы анықтап біліп отырады.

Байқасаңыз, жол қиылыстарындағы жүрісті реттеушілер өте сирек кездеседі, барлық қозғалыстар бағдаршамдардың көмегімен реттеліп отырады. Осының арқасында шаһарымызда кептелістер ешқашан бесінші деңгейге жетпеген, бұл процесс тез арада үнемі реттеліп отырады.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

Елорданың автомобилизациясы Еуропа қалалары, соның ішінде Лондондағыдай 500 мыңды құрайды. Бұл дегеніміз, 1 млн. халқы бар Астана тұрғындарының жартысынад жеке көліктері бар.

Бүгінде қала барлығы 75 шаршы шақырым жерді алып отырған қоғамдық көлік жолақтарымен қамтамасыз етілген. Мұның бәрі тұрғындардың қолайлылығы үшін жасалып отыр. Яғни арнайы жолақтарда қоғамдық көліктер кептеліссіз А нүктесінен Б нүктесіне дейін тез арада жетеді. Тұрғындар күнделікті қажеттіліктеріне осындай көліктерді пайдаланатын болса қалада кептеліс азайып, қоршаған ортаның ластану көрсеткіші де айтарлықтай төмендейтін еді.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

Bus Line жолақтарындағы қоғамдық көліктердің жүру қарқынын белгілі есеппен қадағалап отыратын диспечерлік орталық жұмыс жасайды. Бұл жерде барлық 800-ден астам қоғамдық көлікті қадағалайтын 6 оператор бар. Олар қала бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысын қай ауданда, қай нүктеде, қандай қарқынмен және жылдамдықпен қозғалып бара жатқанын бақылап отырады. Әр автобус уақытылы және өзінің бағдарымен жүріп тұруы тиіс. Оның барлығы операторлардың бақылауында. Егерде қандай да бір қолайсыз жағдайлар туындаған болса бақылаушы операторлар жүргізушілермен арнайы байланыс құрылғылары арқылы байланысқа шығады.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

Қаламызға шетелден және басқа да Қазақстанның қалаларынан келуші қонақтар көп. Олардың тарапынан қоғамдық көлік сервисіне деген жақсы пікірлер де аз емес. Біз жүргізушілердің жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуін әрдайым бақылауда ұстаймыз.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

Астана қонақтарына немесе көліктік карталарын сатып алғысы келмейтін жолаушылар үшін RTVM терминалдарда бір мәрте ғана қолданылатын қағаз карталар сатылады. Оның құны 1000 теңге, ішінде 10 жүріс бар.

Бүгінде 50 пайыздан астам жолаушы қоғамдық көлікте жүру карталарын қолданады. Және де олардың саны күнделікті өсуде. Күн сайын біздің есеп бойынша 850-ден астам адам автобустарды қолданады.

Қазіргі таңда өздеріңіз көріп жүргендей қоғамдық көліктерде кеңесшілер азайтылуда және алдағы уақытта олар мүлдем болмайды, дамыған мемлекеттерде әр азамат ортақ жүйеге бағынып, өз-өзіне қызмет көрсетеді, олай болса біздің еліміз де біртіндеп осы жүйеге аяқ басты.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

Одан өзге жoл aқысын төлеудің басқа да жолдары енгізілуде QR-кoдпeн төлey «SMSBus Жoлayшы» қосымшасы арқылы, және де жақында Beeline абоненттері үшін «My Beeline» «Жол ақысы – 1 теңге» акциясын жолаушыларға ұсынбақшы. Бұл ағымдағы жылдың қазан айында енгізіледі.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

Шанхай, Мәскеу, Сеул секілді ірі қалалардың тәжірибесінде қоғамдық көліктерде жолаушылар алдыңғы есіктен кіріп, артқы және ортаңғы есіктерден шығады. Бізде де осындай жүйе қалыптастыру қолға алынды. Жүргізушінің қасында арнайы өлшем құрылғылары орнатылған сол арқылы қанша жолаушы тасымалданғаны саналып отырады.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

Байқасаңыздар Астана автобустарының іші сыртында жарнамалар ілінетін болды. Бұл қыркүйек айынан бастап енгізілген болатын. Мұның бәрі заңдастырылған, әкімшілікпен келісілген.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті
: UGC

Жаңа жүйелер енгізілгелі бері «Astana LRT» жөнінде сын пікірлер де көбейгені жасырын емес. Біз барлығына жауап береміз. Әлеуметтік желілерді де, жеке қоңырауларды да қадағалап, уақытында сұрақтарға жауап береміз. Әрдайым тұрғындардың ұсыныстарын да елеп, егер олардың тараптарынан тиімді ұсыныстар берілсе ескереміз. Бәрі уақыттың еншісінде «мықты шешімдер» оңайлықпен жүзеге аспайды, бірақ жемісті нәтежеге жетелейді.

«Astana LRT» қоғамдық көліктердегі енгізілген жаңаша жүйелермен бөлісті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.