Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

70-ке келген шымкенттік егіз әжейлер Facebook жұлдызына айналды

Опубликовано:

Шымкентте 70-ке келген егіз әжейлер жастардан қалыспай Facebook желісінің жұлдызы атанды. Күн өткен сайын танымалдылыққа ие болып келе жатқан Фатима мен Зәуре әжей заманауи технологияны қалай меңгергенін айтып берді деп жазады "Замана" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

70-ке келген шымкенттік егіз әжелер
Егіз әжелер. Фото: Zamana.kz: UGC

Фатима Исақова мен Зәуре Беркімбаева бүгінгі күні әлеуметтік желілердің қызығы мол екенін мойындап отыр. Фатима әжейдің айтуынша, оның смартфон қолданып жүргеніне бір жыл болған. Бала-шағасы тарту еткен смартфонның тілін бастапқыда мүлдем түсінбеген Фатима әжей кейіннен немересінің көмегімен оны оп-оңай меңгеріп алғанын айтады.

Осылайша, ол желілерге тіркеліп, Facebook-тан өзіне көптеген ақпарат алып, замандастарымен танысуға мүмкіндік алғанына қуанады.

"Қазақстанның біраз өңірлерінен достар таптым, олармен де аз-кем шүйіркелесіп қоямын. Арасынан егде жастағыларды кездестірсем, қатарымның толығып жатқанына қуанамын. Осылай уақыт өтіп, біраз «топтарға» жазылдым. Достарымның саны әзірге азырақ. Бірақ осы белсенділігім қалмаса, олардың қатарын 5 мыңға жеткізу ойымда бар», - деп ағынан жарылды әжей.

Қазіргі күні 20-ға жуық немеренің әжесі атанған Фатима мен Зәуре әжей әлеуметтік желілерді тек білім алу үшін қолданған жөн дейді. Олар желіде ашық-шашық суреттерін жүктеп, жасанды кірпік жабыстыратын қыздардан ақыл-кеңесін аямай, оларға жөн сілтеп отыруды да ұмытпайды екен.

Дегенмен, егіз әжей жастар әлеуметтік желінің жаман жағы барын да ұмытпаса екен деген тілек білдірді.

Дереккөз: "Замана" газеті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755222-70-ke-kelgen-symkenttik-egiz-zejler-facebook-zldyzyna-ajnaldy/

pixel