jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Сегіз қырлы, бір сырлы": Отандық өнерлі шенеуніктер туралы не білеміз?

: UGC

Елдің атқамінер азаматтарын көпшілік қара костюм, ақ көйлекпен жүретін галстукты шенеунік ретінде таниды. Алайда олардың жұрт білмейтін ерекше өнерлері де жоқ емес екен. NUR.KZ назарларыңызға Қазақстан шенеуніктерінің көпшілік біле бермейтін ерекше қырларын ұсынады.

Фото: Bnews.kz, today.kz, baribar.kz, Youtube. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Bnews.kz, today.kz, baribar.kz, Youtube. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Тізімнің көш басында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тұр.

Оңтүстік астананың жас әкімі Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебін тәмамдағанын бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Сондай-ақ, Германиядағы жоғары музыка мектебін бітірген.

Фортепиано сыныбын бітірген шаһар басшысы аталған аспапта керемет ойнай біледі екен.
Фото: Baribar.kz
Фото: Baribar.kz: UGC

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев та өнерден құр алақан емес. Ол домбырада күй тартып, көпшілікті талай рет таң қалдырған еді.

Әкім бұдан бөлек, ауыл-аймаққа жол түсе қалса болғаны, жергілікті кәсіпкерлерден қазақтың киелі аспабын сатып алады екен.

Фото: Baribar.kz
Фото: Baribar.kz: UGC

Сол сияқты Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың да домбыра ойнай білетінін көпшілік біле бермейді.

Әкімнің домбыра тартып отырған суреті БАҚ беттерінде талай рет жарияланған еді.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Шымкенттің "зың" әкімі де өнерге жақын болып шықты. Шенеуніктің жастармен бірге билеп тұрған видеосы осыдан біраз уақыт бұрын желіде тарап кеткен болатын.

Министрлердің арасында саксофонда ойнап, джаз стиліндегі әндерді айтатын – Өмірзақ Шүкеев болып шықты. Ауыл шаруашылығы министрі бір сұхбатында аспапта ойнап, тынығатынын айтқан.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов та домбыраның құлағындай ойнатын шенеуніктердің қатарынан екен.

Министрдің қазақтың әйгілі "Балбырауын" күйін тартып отырған видеосы осыдан біраз жыл бұрын желіде тарап кеткен.

"Самрұқ Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімовтің де өнерге жаны жақын екенін көпшілік біле бермейді.

Экс-әкім домбырамен бірге басқа да аспаптарда ойнай алады.

Сондай-ақ, Есімов мырза ән де айта алатын көрінеді.

"Сегіз қырлы, бір сырлы": Отандық өнерлі шенеуніктер туралы не білеміз?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.