Ақтөбеде Димаштың әкесі оқыған мектептің едені тесіліп, қабырғасы қирап жатыр

Опубликовано:

ХХІ ғасырдың заманауи жетістіктеріне жете алмай тұрған білім ордасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Ембі қаласында орналасқан. 40 жыл бұрын іргетесы қаланған ғимарат салынғалы жөндеу көрмеген болып шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде Димаштың әкесі оқыған мектептің терезесі сынып, қабырғасы қирап жатыр
Фотоколлаж: NUR.KZ: UGC

Ақтөбелік ұстаздар қабырғасы сөгіліп, терезесі сынып, едені сықырлап тұрған білім ордасын мега жұлдыз Димаш Құдайбергеннің әкесі бітірген мектеп деп таныстырды.

Ұстаздар мектепке көмек көрсетуін сұрап танымал әншінің әкесіне де хабарласқан. Экс шенеунік назар аудармағанға ұқсайды.

Ақтөбеде Димаштың әкесі оқыған мектептің терезесі сынып, қабырғасы қирап жатыр
Фото: NUR.KZ: UGC
"Бұл мектепті Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев бітірді. Димаштың әжесі осы мектепте география пәнінен сабақ берген. Директор Қанат Айтбаевтан мектепке көмек сұрады. Қандай әңгіме болғанын біз білмейміз.

Мектебімізді көріп тұрсыздар жөндеусіз тұр. Мектепке көмекті беретін адамдар да, бермейтін адамдар да бар.

Мысалы, «Жеті қазына» мейрамханасының қожайыны өзіміздің түлек. Сол кісі теннис үстелін алып берді. Аудандағы білім бөлімінің басшысы Медет Шәріпов та осы мектепте оқыды.

Ақтөбеде Димаштың әкесі оқыған мектептің терезесі сынып, қабырғасы қирап жатыр
Фото: NUR.KZ: UGC

Мектебіміздің төбесінен су ағады. Терезелеріміз де жаңартылмаған. Салынған кезден бастап біздің мектепте ештеңе ауыстырылған жоқ.

Күрделі жөндеу мүлде жасалған жоқ. Туған жерге тағзым акциясымен әжетхананың құралдарын алдырттық", - дейді Ембі қалалық №2 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Жарықова.
Ақтөбеде Димаштың әкесі оқыған мектептің терезесі сынып, қабырғасы қирап жатыр
Фото: NUR.KZ: UGC

Ескі мектеп мұғалімдері де партасы үгітіліп жатқан кабинете отыр. Білім ордасының халі мүшкіл. Басшылар жаңбыр суы мектептің төбесінен ағып кететінін де жасырмады.

"Қарасаңыздаршы, барлығын жөндеу қажет емес пе? Енді 1977 жылдан бері жөндеу көрмеген. Мектеп шатырынан бастап, еденіне дейін толық күрделі жөндеуді қажет етеді.
Ақтөбеде Димаштың әкесі оқыған мектептің терезесі сынып, қабырғасы қирап жатыр
Фото: NUR.KZ: UGC

Күтіп отырмыз. «Әйтеуір болады» деді. Төбеден су кетуі адам төзгісіз жағдай емес.

Тек көктемдерде бұрыштардан су тамшылайды. Ондайларды ағымдағы жөндеу жұмыстарымен өзіміз жасап аламыз", - дейді №2 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Серік Әлиев.

Ескі мектептің асханасы акт залының ішінде екен. Сахнада оқушылар күзгі баллға дайындалып жатқанда төменгі сынып оқушылары тамақтанып жатады.

Ақтөбеде Димаштың әкесі оқыған мектептің терезесі сынып, қабырғасы қирап жатыр
Фото: NUR.KZ: UGC
"Асхана мен акт зал біріктірілген. Сол жерде шарамызды өткізіп тамағымызды ішіп жатырмыз.

Өткен жылы жаңа парталар мен тақталар алдық. Биология, физика кабинеттеріне құрал- жабдықтар алынды. Жаңа компьютерлеріміз бар.

Ақтөбеде Димаштың әкесі оқыған мектептің терезесі сынып, қабырғасы қирап жатыр
Фото: NUR.KZ: UGC
Кіші қызметкерлерімізді қосқанда барлығы 102 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде 67 мұғалім бар. Екі аусымды мектепте 499 оқушымыз бар", - дейді Серік Әлиев.

Ал қала әкімі ескі мектепті жөндеуге жаңа мектеп салатындай қаржы жұмсалатынын айтып берді.

Ақтөбеде Димаштың әкесі оқыған мектептің терезесі сынып, қабырғасы қирап жатыр
Фото: NUR.KZ: UGC
"№2 мектеп апатты жағдайда тұрған жоқ. Тек жөндеуді қажет етеді. Жөндеу жұмыстарының қаржысы 250 млн. теңгеге шығып кетіп тұр.

Себебі, төбені толығымен алмастыру керек, кабинеттер жаңартылуды күтеді, есіктер, едендер де ескі. Спорт зал болмесінің төбесіне дейін қайтадан шатырлау керек.

Ақтөбеде Димаштың әкесі оқыған мектептің терезесі сынып, қабырғасы қирап жатыр
Фото: NUR.KZ: UGC
Жұмысы көп. Аудан әкімі ақша қалай шығады солай салынатынын айтты", - дейді Ембі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759599-aktbede-dimasty-kesi-okygan-mektepti-edeni-tesilip-kabyrgasy-kirap-zatyr/