jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Сандық ашу": Жас келіннің жасауын көрсеткендер жұртты таңғалдырды

: Instagram

Жас келіннің сандығын ашып, артынан келген киімдерін көрсеткен жеңгелер желіні шулатты. Қазақша көйлектің түр-түрін жасау қылып дайындағандар көпшіліктің қызу талқысына түскен деп жазады kazakh.toy Instagram-парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Екі сандық дүние көрсеткен жеңгелердің бұл әрекетіне біреулер таңдай қақса, желідегілердің кейбірі сынап тастаған.

"Қазақы көйлектерді жинап алғаны несі?", "Нешінші ғасырда өмір сүріп жүрміз?", "Бұл киімнің бәрін не істейді?" деді таңғалғандар қатары.

Ал мұндай салттың бар екенін мәлім еткен желідегілердің кейбірі жағымсыз пікір жазғандарға жауап берді.

"Керемет екен", "Көйлектері қандай әдемі", "Тырысқан, қысқа көйлек кигенше, қазақы көйлек киіп жүргені жақсы".
"Батыс өңірі ғой деймін", "Жас келіннің киімдері керемет екен", "Бақытты болсын", "Жеңгелерінің өзі ақ жаулықпен, ұзын көйлекпен жүр. Мұны көрген қайынсіңлілері де осылай өседі ғой" деп пікір білдірген.

"Сандық ашу": Жас келіннің жасауын көрсеткендер жұртты таңғалдырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.