Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматының жартысымен жатса да бәрібір": Жезөкшеге ғашық болған жігіт елді шулатты

Опубликовано:

Алматыда тәнін саудалайын жезөкшені сүйіп қалған жігіт қандай жағдай болса да махаббатынан бас тартпайтынын айтқан. Тіпті, оны сүйіктісінің істеп жүрген әрекеттері де еш ұялтпаған көрінеді. Бұл туралы отандық блогер өзінің Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: antikor.com.ua
Көрнекі фото: antikor.com.ua: Twitter

Нұрлан Жанай "қазақ байыса неге тоқал алатынынын" түсіндірді. Оның сөзінше, жас кезінде қыздарға көп қылымси алмаған азаматтар байлыққа, билікке қол жеткізген соң ойқастай бастайтын көрінеді.

Сол себепті, блогер бойжеткендерге қыз-қырқынға тойған азаматпен көңіл қосу туралы кеңес берді.

Одан бөлек, азамат жезөкшеге ғашық болып қалған досы туралы баяндап берген.

"Қайбір жылы шамамен 5-6 жыл бұрын біреу саунадағы әдемі жезөкшеге сынып қалады. Алғашқыда тек қана құмарлық, әбден нәпсісін қандырған соң қоятын шығар десем, жоқ, жігітің әлгі Ж-мен әмпәй-жәмпәй болып жүр.

Бір ай өтеді, екі ай өтеді, Ж-мен киноға барады, бірге саябақ аралайды. Секс қалған бір жақта, романтика басталып кеткен. Бізде алдымен романтика, кейін С болса, оныкі керісінше кетіп қалған.

Мен айттым бір күні: "айналайын, мынауың болмайды, мына қарым-қатынасыңның болашағы жоқ. Доғар енді осымен. Жәлепке үйлену деген де ыңғайсыз екен", - деп ұрысып жатырмын.

Сонда ол бүйдеді: "Досым, адамның тәніне емес, жан дүниесіне ғашық болу керек. Алматының жартысымен жатса да, маған бәрібір, соған үйленемін. Бір сантиметр ет үшін қаншама жігіттер өз маxаббатынан теріс айналып, өзі сүймейтін, бірақ пәк қызбен болады. Сосын жарының көзіне өмір бойы шөп салып, маxаббатты сырттан іздейді.

Сондықтан мен ондай екіжүзді болмаймын, мен оны сүйемін, ол да мені сүйеді. Ешқандай той-пойсыз бірге бақытты өмір сүреміз" — деп аузыма құм құйды", -деп жазған ол.

Қорытындылай келе, азамат өмір сүрудің оңай, ал қазақ болудың қиын екенін айтқан. Сондай-ақ, ол жастарға жақсы көрген адамдарына үйлену қажет екенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765647-almatyny-zartysymen-zatsa-da-bribir-zezksege-gasyk-bolgan-zigit-eldi-sulatty/

pixel