jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар беті күйіп қалған баланың еміне ақша жинап жатыр

: Twitter

Өзбекстандық кішкентай Бахтиер жантүршігерлік өрттен зардап шеккен. Оның басы өртеніп кеткенімен, өзі аман қалыпты. Алайда бес жыл бұрын болған оқиға балақайдың өмірін өгертіп жіберген. Бұл туралы Ольга Рябева есімді ерікті өз парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: medaboutme.ru
Көрнекі фото: medaboutme.ru: Twitter

Рябеваның айтуынша, Бахтиердің көзі жабылмайды, оның құлағы мен мұрны да жоқ, бас сүйегіндегі бірнеше сүйек жанып кеткен.

Бахтиер туралы еріктілер бір жыл бұрын білген және осы уақытқа дейін оны Үндістанда емдеуге тырысқан екен. Алайда ем қабылдау ұзаққа созылатын көрінеді. Ал оның келесі кезеңі желтоқсан айына белгіленіпті.

Ол үшін жалпы алғанда 4 млн теңге, нақты 4 016 705 млн теңге жинау қажет.

Аяз атаға жазған хатында бүлдіршін өзіне бет-әлпет сыйлағанын қалайтынын айтқан. Ол өзінің беті жоқ болғанын білмегенін, адамдар қорыққан соң үнемі тығылып жүретінін жазыпты.

Бахтиердің хаты
Бахтиердің хаты: UGC
"Мен де басқа балалар сияқты болғым келеді. Анам менің мектепке бармайтынымды айтты. Мен көп ауырамын, бірақ жыламаймын. Ал анам жылайды", - дейді балақай.

Өткен жолғы отада Бахтиерге қабақ жасалыпты. Енді өрттен зардап шеккен балақай көзін жұмып ұйықтайтын болған.

Ал еріктілер Бахтиердің ата-анасымен келісіп, ем-домға қажетті қаржы жинамақ.

Реквизиттер:

KASPI GOLD: 5169 4931 2946 0997

QAZKOM: 4405 6378 1915 1319

Киви кошелёк: 87772400200

Pay Pal: ola33308@mail.ru

Қазақстандықтар беті күйіп қалған баланың еміне ақша жинап жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.