Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 63 жастағы қарияға тұрмысқа шығу үшін отызға жуық әйел жиналды

Опубликовано:

Шымкенттің 63 жастағы тұрғыны өзіне инабатты әрі ибалы жар іздеп жүр. Ол, тіпті, құдай қосқан қосағын табу үшін "Сені іздеймін" атты танысу кешін ұйымдастырған екен. Оған зейнеткерден бөлек 30-ға жуық адам келген деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Фото:svobodnoeserdze.ru
Фото:svobodnoeserdze.ru: Instagram

Осы жылдың жазында жұбайы қайтыс болған Жәдігер қария жалғыздықтан жабыққандықтан, жар іздеуге мәжбүр екенін айтады.

"Тілегенім бұл емес еді. Тағдырым осылай болды. Сенімді серік іздеуге тура келді", - дейді қарт.

Төрт ұл-қызы бар әке бүгінде перзенттерінің қолында жүр.

"Оның жақсы мінездері, керемет, тамаша қасиеттерін бір арнаға сыйдыру қиын-ау деп ойлаймын", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Жәдігер Құлсариев.

Жұпсыз өмір сүру мүмкін емес екенін алға тартқан қария жақында "Сені іздеймін" жобасын жүзеге асырған. Онда өз теңдерін таппай жүрген 30- ға тарта үміткер қатысыпты. Өмірлік серік іздеп келгендердің көбісі әйел екен.

Аталмыш кешке келгендер бейнекамераға түсіруге рұқсат бермесе де, ақсақалдың бастамасын мақтап, құптаған.

Тіпті, хабарландыруды естіген бір топ әйел Шымкентке өзге өңірден арнайы келіпті.

"Рахмет! Қолдаймын, шын пейіліммен қолдаймын", - дейді зейнеткер Болсын Рахмашев.
"Бұл жерде бойдақ шалдар көп, не істерін білмей жүр. Қастарында кемпірі жоқ. Кемпір мен шалды қосып жатса, құптай береміз ғой мұндай бағдарламаларды", - дейді зейнеткер Қалмырза Ахатов.

Жәдігер Смадиярұлы алғаш рет бұл бастаманы өткен ғасырдың 80-ші жылдары Ташкенте қолға алыпты.

Ал ата жұртқа қоныс аударғаннан кейін күйбең тірлікпен жүріп, ары қарай дамытуға мұршасы болмаған екен. Алайда жұбайы өмірден озған соң сол ойды қайта қолға алуға тура келіпті.

Зейнеткер жар таңдауға келгенде әлі де ойланып жүргенін айтады. Дегенмен қарияның ұл-қыздары бұл шешімге келісім бермеген көрінеді.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769107-symkentte-63-zastagy-kariaga-trmyska-sygu-sin-otyzga-zuyk-jel-zinaldy/

pixel