Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2019 жылы ҰБТ мен білім грантына қатысты қандай өзгерістер болады?

Опубликовано:

Білім және ғылым министрлігі 2019 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау мен ҰБТ өткізу бойынша қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Көрнекі сурет. Фото:tote.qamshy.kz
Көрнекі сурет. Фото:tote.qamshy.kz: Instagram

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту аясында келесі жылдан бастап мемлекеттік білім гранттары мамандық бойынша емес, білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады.

Сондай-ақ, мамандарды даярлау бағыттарының жаңа классификаторы енгізіліп отыр. 

"Жаңа классификаторда мамандықтардың тізімі емес, мамандарды даярлау бағыты көрсетіледі.  Сәйкесінше, еліміздің жоғары оқу орындары дербес білім беру бағдарламаларын әзірлеп алады. Осыған орай, гранттар білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады", - делінген хабарламада. 

Мәселен,  "Математика пәні мұғалімдерін даярлау" тобына "математика", қосарланған "математика-физика", "математика-информатика" мамандықтары кіреді. Яғни, білім гранттарын тағайындау бұрынғыдай мамандықтар бойынша емес, білім бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылмақ. 

"Грант ұтып алған талапкер ЖОО-ға өзі таңдаған білім бағдарламасы бойынша тіркеліп, кейін университетке құжаттарын тапсыру кезінде таңдаған мамандығы бойынша білім алады", - деп хабарлады министрлік. 

Ведомство 2019 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Тестілеу 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша жүргізіледі. Биылдан бастап ҰБТ қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында жылына төрт рет өткізіледі.

"Қаңтар, наурыз, тамыз айларында ҰБТ тапсырғандар жоғары оқу орнының тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Ал, мемлекеттік грантты жеңіп алғысы келсе, міндетті түрде маусымда өтетін ҰБТ-ға қатысуы қажет", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Ақылы бөлімге түсу үшін талапкер жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне қатысып, шекті балл жинаса болғаны.  

Талапкер қаңтар, наурыздағы ҰБТ-ны өзіне ыңғайлы кез келген пункте тапсыра алады. Тек ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беріп үлгеруі қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769286-2019-zyly-bt-men-bilim-grantyna-katysty-kandaj-zgerister-bolady/

pixel